Kyzylorda-news.kz. Қостанай облысында белгісіз адам мектеп оқушыларын өлтіремін деген хабарлама таратқан деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі Ng.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті әлеуметтік желілерде жалған хабарлама тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Таратылған басылымда белгісіз біреу 3 гимназия бірінші болып «күнәлары үшін жауап береді», 15 ақпанда балалар мектепте оққа ұшады деп уәде береді. Одан кейін басқа мектептерде де жазаланады, «Қостанай тозақта жанады» деген жазбалар қалдырды.

Жалған басылымның авторын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде, - деп атап өтті Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Кеше Қарағандыда дәл осындай жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған бала ұсталды. Полицейлер арандатушылыққа бой алдырмауды, хабарламаның таралуына жол бермеуді және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. Сондай-ақ департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Тағы да оқыңыз: