[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **«Қазгидромет» РМК 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.** Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады.