Батырхан Шүкеновтің анасына құрмет көрсетілді – Kyzylorda News
Басты бет

Батырхан Шүкеновтің анасына құрмет көрсетілді

17.05.2022, 15:55

476 0

Kyzylorda-news.kz.  Бүгін қала әкімі А.Шәменов қалалық мәслихаттың хатшысы И.Құттықожаевпен бірге қазақ музыкасын әлемге танытқан әнші-композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұңғыш ізгі ниет елшісі Батырхан Шүкеновтің анасы Дилара Шүкенованың шаңырағына барып, 70 жылдан аса уақыт қала тұрғыны болып табылатын абзал ананың 85 жасымен және ұлы Батырхан Камалұлының ел көлемінде аталып өткелі жатқан 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Аға ұрпақтың елге сіңірген еңбегі, қоғамды алға жылжытуға қосқан үлесі текке кеткен жоқ. Осынау ұлы істердің басы-қасындағы ағаларымыздың қолдаушысы, тірегі – Сіз сияқты аналарымыз болғанын білеміз. Сіз де еңбектен шет қалмай, ошақтың отын маздатып, ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиеледіңіз.
Туғанына 60 жыл толған Батырханыңыздың қазақ музыка өнеріндегі орны, эстраданың тұтас дәуірін құраған еңбегі ешқашан жадымыздан өшпейді. Өйткені, хас таланттың қашан да бәсі бөлек. Қазақстандықтардан бөлек оны Ресей, кешегі одақтас мемлекеттердің де әнсүйер қауымы өз перзентіндей көріп, ерекше құрметтейді,-деп лебізін білдірген қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы

Дилара Ибрагимқызыны Сыр жұртшылығы атынан арнайы сый-тарту жасады.