Kyzylorda-news.kz. «Үнді» штамының тез таралуы бойынша Алматы «қызыл» аймақта тұр.

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, инфекциядан қалай сақтану керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялық жағдай күрделі. Өйткені жаңа «дельта» штамының контагиоздығы жоғары әрі анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Егер SARS-CoV2 айналмалы штамын бір жұқтырған адам оны айналасындағы 3-4 адамға жұқтырса, «дельта» штамын 5-6 адам жұқтырады. Штамның инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін. Сондай-ақ ауру жұқтырған адамның буындары мен іші қатты ауырады, жүрегі айнып, құсқысы келеді. Ауру аяқтың төменгі бөлігінің микротромбозына әкелуі мүмкін.

«Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «үнді» коронавирусының қауіптілігі сол, ауруханаға жату мен өлім қаупі жоғары. Коронавирус инфекциясынан кейін дерттің ауырлығына қарамастан эндотелиит, тамырлы микро және макротромбоз түрінде асқынулар байқалады, яғни әртүрлі органдар мен жүйелерге әсер етуі мүмкін», – деді профессор.

Сонымен қатар, ол вирустың мутациясы туралы айтты.

«Құрамында РНҚ бар коронавирус табиғатта жоғары өзгергіштікке ие. Егер популяцияда ұжымдық иммунитет қалыптасса, вирус мутацияға ұшырамайды, өйткені ол тек тірі жасушаларда көбейе алады. Вирустың жаңа мутациясымен күресудің жалғыз жолы – вакцина алу. Ұжымдық иммунитет халықтың 70%-дан астамы вакцина алғанда қалыптасады», – деді медицина ғылымдарының докторы.

Сондай-ақ эпидемиолог коронавирус жұқтырудың себептеріне тоқталды.

Оның айтуынша, аурудан кейін вирусқа қарсы иммунитетті қалыпқа келтіру қарқынды және ұзақ, әлсіз әрі қысқа мерзімді болуы мүмкін. Мұның бәрі адам ағзасының реактивтілігіне байланысты, сондықтан аурудан кейін қайта инфекция жоғалмайды. Профессор сонымен қатар, балалар мен жастардың ағзасында COVID-19-ға қарсы антиденелер жоқ екенін айтты.

«Балалар жаңа «дельта» штаммымен 5 есе жиі ауыра бастады. Сондықтан Қазақстан балаларды вакциналау қажеттілігі туралы ойлануы керек. Бұл мәселені ғалымдар, эпидемиологтар және клиниктер талқылайтын болады», – дейді ол.

Сондай-ақ профессор иммундық жауап вакцинаның толық курсынан кейін шамамен 3-4 аптадан кейін пайда болатынын тілге тиек етті. Оның ішінде 2 компонент алынады. Осы уақытқа дейін ағзада антиденелер пайда болады және талдау иммунитеттің нақты деңгейін көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: