Kyzylorda-news.kz. Жаңаөзен қаласының балабақшаларында бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесі барысында Жаңаөзен қаласындағы екі мемлекеттік балабақшаның есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған.

Есепші өз шотына жалпы сомасы 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

"Бұл дерек бойынша қала прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15 наурыздағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жымқырылған 30 миллион теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.

Тағы да оқыңыз: