Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында коронавирус инфекциясының таралуын шектеу шаралары 2021 жылдың 15 наурызы сағат 00:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Карантин «Байқоңыр» кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының шешімімен тағы екі аптаға ұзартылды. Яғни қолданыстағы шектеу шаралары күшінде қалады», – делінген хабарламада.

Кешегі күнге дейін Байқоңыр қаласында жалпы саны 1254 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл көрсеткіш екі апта бұрын 1223 адамды құраған болатын. Қазіргі уақытта 8 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде.

Тағы да оқыңыз: