Азияның ең сымбатты жігіті рейтингісінде Димаш 1-орында тұр – Kyzylorda News
Басты бет

Азияның ең сымбатты жігіті рейтингісінде Димаш 1-орында тұр

23.09.2021, 17:21

408 0

Kyzylorda-news.kz. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Азияның ең сымбатты 100 жігіті» King Choice рейтингісінде бірінші орынға шықты. 

Байқау сайтындағы мәліметке сәйкес, қазақстандық әншіге 5 834 405 рет дауыс берілген.

Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 5 804 655 дауыс жинады.

Үшінші орында 1 455 784 дауыспен тай актері Вин Метавин (Win Metawin) тұр.

Дауыс беру бір аптадан соң, 30 қыркүйекте аяқталады. Димашқа мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады.

Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған болатын.

Айта кетері, Димаш түрлі наградаға ие. Ең маңыздылары арасында – Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясы, MTV Global Chinese Music Awards-та «Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы» номинациясы,  Қытай мен Қазақстан «Достық елшісі» наградасы.

Sputnik Қазақстан

0

Пікір қалдыру