Kyzylorda-news.kz  Барлық саладағы реформалар мен өзгерістер салықтың тілегіне сай жасалып жатыр. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

- Жалпы құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерді үнемі көтеріп жүр. Бәрін сынап-мінеп отыратын бәзбіреулер басты түйткіл – бұл емес, мемлекет назар аударуға тиіс басқа да проблемалар бар деуі мүмкін. Азаматтарымыз күнделікті тіршілікте көптеген қарапайым түйткілге тап болады. Оны елемей, назардан тыс қалдыру дұрыс емес екенін ескерген жөн. Біз азаматтардың тұрмысына қатысты мәселелерді алдағы уақытта да көтереміз, ең бастысы, бұл проблемаларды шешетін боламыз, - деді Президент.

Мемлекет басшысы біртіндеп барлық салада ауқымды реформалар мен нақты өзгерістер жүзеге асырылып жатқанына назар аудартты.

- Оның бәрі халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалуда. Бұл жердегі түпкі мақсат – барлығын өзгерту емес. Ең бастысы – атқарылып жатқан шаруаны оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру. Алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі – жекелеген бағыттар бойынша мемлекеттік аппараттың жұмысын жүйелеп, ретке келтіру, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда

Тағы да оқыңыз: