Kyzylorda-news.kz. Сәрсенбі елімізде күн райы ашық болады, алайда жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

6 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте қатты нөсер, шығыста түнде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Тағы да оқыңыз: