Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің 450 қызметкері жұмылдырылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде департамент қызметкерлерімен іс-шара уақытында жолаушы тасымалдауды жүзеге асырушы автобус, шағын көлемді автобус жүргізушілері тарапынан барлығы 1383 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Сонымен қатар, облысаралық және қалааралық 585 қоғамдық көлік құралдарының жылыту, электр жабдықтары жағдайының сәйкестігі тексерілді.
Рейд барысында 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды. 35 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік белгілері алынды.
Бұған дейін, Қармақшы ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткенін хабарлаған едік.
Қармақшы ауданында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанна бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 19 дерегі анықталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 2 бөлігімен – 2 дерегі және 463 бабы (заңсыз тасымалдау) бойынша Салық комитеті қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқару нәтижесінде – 1 дерегі тіркеліп, аудандық сотқа жолданды.



