Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5-15 желтоқсаны аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер қоғамдық көліктерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. 

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғанна бері қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережесін бұзудың 19 дерегі анықталды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 2 бөлігімен – 2 дерегі және 463 бабы (заңсыз тасымалдау) бойынша Салық комитеті қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқару нәтижесінде – 1 дерегі тіркеліп, аудандық сотқа жолданды.
Тәртіп сақшылары іс-шараның басты назары қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне бағытталғанын айтты. Осыған байланысты жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шараларын күшейту қажет.

Сондай-ақ, Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.
 

4.jpg

Тағы да оқыңыз: