Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Автобус» іс-шарасының екі күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 174 дерегі анықталды.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың барлығы 174 дерегі анықталды.

Оның ішінде, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған - 22,тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзған - 1,заңсыз қайта жабдықтаған - 30, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген - 17, міндетті техникалық байқаудан өтпеген – 18, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған  32 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 8  хаттама  толтырылды.

Сонымен қатар, облыс бойынша адамдарды тасымалдайтын 78 автобустың жылыту,  электр жабдықтары және т.б. жағдайы тексерілді.  Айып тұрағына 3 автокөлік қойылып, 5 көліктің мемлекеттік белгілері шешілді. 

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қармақшы ауданында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын хабарлаған болатынбыз

318475192_680922337020254_3380800530371054232_n.jpg

Тағы да оқыңыз: