Kyzylorda-news.kz. Жылдамдықты асыру, ішімдік ішіп көлік жүргізу секілді жауапсыздық іс-әрекеттер жол апаттарының басты себептері болып табылады. Жоғары жылдамдықпен жүруді жаман әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен елімізде күн сайын жол-көлік апаты орын алып жатады. Сондықтан да орын алған апаттың салдарын зерттегеннен гөрі сол келеңсіз оқиғалардың алдын алған тиімді.
Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту – амалсыз шара. Жолдағы жүгенсіздіктің кемудің орнына өсіп бара жатқаның статистикалық деректер де айғақтады. Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдағы жағдай алаңдаушылық тудыратынын және мас күйде автокөлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін атап өткен еді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2022 жылғы жоспарға байланысты, жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиеленуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында, Қармақшы ауданы көлемінде 2022 жылдың 5-15 желтоқсаны аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Сол себепті, ауданымызда тұрғындарды тасымалдайтын автобустар мен таксилердің техникалық жағдайлары жіті тексеріліп, жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы қадағаланады.
Атап айтқанда, аудан көлемінде 2022 жылдың 05-15 желтоқсаны аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 05.12.2022 жылы сағат 16:45 шамасында Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Көшербаев көшесі бойында «Ниссан Премьера» маркалы такси жүргізушісі азамат «Л.Ш.» көлік құралын спирттік ішімдігін ішіп, алкогольді масаң күйде басқарғаны анықталады. Жоғарыда көрсетілген азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен жол жүріс қағидаларының 2,4,2 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданған. Аудандық сот шешіміне сәйкес, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 (жеті) жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Өз кезегінде, Қармақшы ауданының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді. 
