Ауылдық елді мекендерді дамыту, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі Жалағаш ауданына Аламесек ауылдық округінде бүгінде 5 көшенің күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жағымды жаңалықты естіген бойда әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында ауылға ат басын бұрдық.

Елді мекенге кіреберістен қызу тірліктің көрінісіне тап болдық. Шыны керек, қарқын алған құрылысқа қара­саңыз, көз тойып, көңіл марқаяды. Жол жөндеуге қажетті техникалық кө­лік­тер мен жұмысшылар қызу тірлікке кірісіп кеткен. Жол жиектеріне ескертпе белгілері қойы­лып, сүрілген жолды тегістеп, қиыршық тас төселіп жатыр. Құрылыс басында ауыл әкімі жұмыс жайын егжей-тегжейлі бақылап жүр. 

–  Биыл ауылда атқарылар жұмыс көп, бірқатар жобаларымыз басталып та кетті. Ауылда 13 ішкі көше бар, оның екеуіне асфальт, ал 3 көшеге тас төселген. Көріп тұрғаныңыздай, бүгінде  Төлеген Бейсенбаев, Бө­лебай би, Өмір­бай шешен, Жаңажарма және Сарман батыр көшелерінің сапасына мән бе­ріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жа­са­луда. Мұнан бөлек ауылда электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Нақтырақ айтсам, қазіргі таңда жоспарланған 377 тұрғын үйдің тұсына бағана орнату жұмыс­тары жүргізілуде, – дейді ауыл әкімі Дәулеткерей Тәжібаев.

Ауыл әкімінің айтуынша, күріш егетін төра­­­ғалар да ауылды абат­тан­дыруда бел­сенді. Тіпті бұған қатысты ау­дан әкімдігі­мен ара­да жасалған арнайы меморандум да бар. Бұл құжат­тар­дың барлығы ауыл­дың бола­шағын жар­қын етуге арналғаны жергілікті халық­ты қуантып отыр. Бүгінде олардың бірқатары жүзеге асқан. Сондай-ақ аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың ауыл көшелерін жарықтандыру бастамасын да шаруа­шылық төрағалары бірауыздан қол­дап, бүгінде электр бағаналарына жарық шамдары қойылуда. 

Жалпы жөндеу жұмыстарының бел­сен­ділігі жоғары, мердігер ме­ке­ме де ауа райы қолайлы болып, қиын­дықтар туындамаса, құ­ры­лыс жұмыс­тарын тезірек аяқтап, тұрғындардың игілігіне табыстауға ниетті. Сондай-ақ арықтарға аяқсу өтетін құбырлар қойылып, жан-жағы тегістеліп, үстіне көлік жолы, яғни асфальт жабындысы төселеді. Бүгінде арықтарға сол құбыр­ларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

– Ескі асфальтты толықтай қырып болған соң, көшені әбден тегістеп, жолдың бетіне бірінші топырақ төседік. Толықтай топырақпен тегісте­ген соң, бе­тіне қиыршық тас төселеді. Содан кейін асфальт төсеу жұмыстары жү­реді. Жалпы 5 көшенің ұзындығы 4 ша­қырымды құрайды, ал асфальт­тың қалыңдығы – төселген тасымен есеп­тегенде 10 см, ал асфальттың өзі 5-6 см қалыңдықта болады. Жұ­мыс барысына ешқандай қиындық туғы­затындай мәселе жоқ. Келесі айдың соңына дейін жұмыстарды 100 пайыз аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ас­­фальт­тау жұмыстары аяқталған соң жол белгілері мін­детті түрде орнатылады, – дейді мер­дігер мекеме «Ақтоған» ЖШС бас инже­нері Нұрдәулет Серікұлы.

Иә, өңірімізде кейінгі жылдары жол құрылысы қарқын алғанын жа­ла­ғаштықтар жақсы біледі. Был­тыр­дың өзінде, әсіресе ауылдық елді ме­кендердің бірқатар ішкі көше­сі жаңарды. Сондықтан бо­лар, ауыл тұрғындары да жол жөн­деу жұ­мыстарының уәде еткен уақы­тында басталғанына риза болып, қуаныш­тарын жасырмауда. 

– Биыл ауылымыздың көшелері жаңаратынын естіп, қуанып қалдық. Сол себепті ауыл тұрғыны ретінде аудан басшылығына алғысымды айтамын. Көзіміз көріп отыр, қаншама жұ­мыс ат­қарылып жатыр, ауылымыз көр­кеюде. Халыққа мұнан басқа не керек? Міне, оған қоса жарық жүйесі жаңарып жатыр, – дейді ауыл тұрғыны Байзақ Көшеков.

Құт-берекенің ортасы саналатын ауылды дамыту, тұрғындарға қолай­лы орта туғызу ел үшін ең басты қа­дам екені сөзсіз. Ауыл дамыса, қа­раша ха­лықтың әл-ауқаты көте­ріледі. Сон­дықтан болар, аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданға қа­расты елді мекендердің әлеуметтік әлеуетін көтеретін түрлі мемлекеттік жо­ба­ларды жүзеге асыруға аса мән беруде. 

 

Жандос МАХМҰТҰЛЫ

Тағы да оқыңыз: