Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып, «AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы Шиелі ауданында да өз жемісін беруде.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба аясында мұнда жаңадан кәсіпкерлік нысан ашылып, кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Осы орайда партияның Шиелі аудандық 

филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова жоба аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлермен кездесіп, жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталды. 

«Ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, тұрмыс сапасын арттыруына бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы нақты нәтижесін беруде. Бағдарламаның қолдауымен көптеген азаматтар жаңа кәсіп түрін бастап, ауыл экономикасының дамуына өз үлесін қосып келеді. Жоба – ауыл халқын кәсіпке бейімдеп қана қоймай, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастама.Партияның басты мақсаты – әр азаматқа еңбек етуге, табыс табуға және туған жерінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру.»-деді филиалдың атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.

Мұнда кондитер өнімдері, бірреттік қолданыстағы қағаз түрлері, қолдан тігілетін қуыршақтар шығарылып тұтынушыларға ұсынылуда.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында соңғы үш жылда Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 968,1 миллион теңгені құрайтын 135 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік саласы дамып келеді.

Тағы да оқыңыз: