Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда үкімет және парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады" деп атап өткен еді.

Расында солай. Қолайлы ортадан ешкім алыстағысы келмейді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамалардың барлығы тек ұраншылдыққа айналмай шындыққа, тапсырманың түпкілікті орындалуына бағытталса, тәуелсіз еліміздің әрбір аумағында тұрғындардың да болашағы зор болмақ.

Міне, біз бүгінде осы міндеттердің маңыздылығы түсіндіріліп, осы негізде айтарлықтай жұмыстың жанданғанына куә болып отырмыз. Арал ауданында да халықтың ахуалы артып, халық саны жыл санап артып келеді. Оған төмендегі сөзіміз дәлел болмақ.

Былтырдың өзінде аралдықтар айтарлықтай нәтижемен көңілді қуантты. Осы көрсеткіштерді сіөздерге ұсынғымыз келеді.

Аудан көлемінде де көптеген жұмыс істеліп, нәтижесімен қанықтық. Қай салада, қаншалықты өсімге қол жеткізгенімізді ашық айта өтсек. Аудандық статистика бөлінімінің мәлеметі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштерін төмендегідей атап, көрсетіп отыр.

Ауданның қазынасын толтырудағы басты құрал бірінші кезекте өнеркәсіп саласы деуге болады. Өнім өндіріп, оны экспортқа шығарып келе жатқан кәсіпорындар ағымдағы бағамен  24 553 637,0 мың теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы өндірілген өнім көлеміне қарағанда нақты көлем индексімен 123,9  пайызға орындалғанын байқауға болады. Бұл ретте ауданның сыртқы нарыққа шығатын басты өнімдері ретінде йодталған ас тұзы, балық пен кварц құмы және тепловоздар мен жабдықтарды жөндеу жұмыстарының қайсысы болса да өсімге ие болды.

Ал асыраушы саланың да тындырымды ісі айтарлықтай мол көлемді қамтып отыр. Осы бағытта еңбек етіп келе жатқан 1 акционерлік қоғам, 11 өндірістік кооперативтер, 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 мемлекеттік мекеме мен 1253 шаруа немесе фермер қожалықтары ет, сүт, өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы бойынша артығымен орындады. Мал басын арттыру жұмысы да жүйелі іске қойылған. Әсіресе мүйізді ірі қара, жылқы мен түйе саны биылғы жыл басындағы есеп бойынша көбейгені байқалса, керісінше, қой мен ешкі басы 3,6 пайызға кеміп отыр.

Тағы бір басты қозғаушы саланың бірі инвестиция, құрылыс саласы екені жасырын емес. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әл-ауқатын арттыру үшін экономикалық аймақтар инвестиция көлемін арттыру қажеттігін жиі айтып жүр. Міне, осы тапсырманы тыңғылықты орындаған Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрғанын Үкімет жиынында айтылды Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  атап айтса, ауданымыз да инвестиция, құрылыс жұмысын жоспарлы түрде жоғарғы деңгейде іске асырып келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі толықтай игерілген. Қаржыландыру көздері бойынша бөлінген барлық қаражат тиісті бағытта мақсатты жұмсалды. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі де 122,7 пайызға артығымен орындалды.

Осы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша 28378 шаршы метр тұрғын ғимараттар пайдалануға беріліп, 3,1 пайызға артық орындалды. Осылайша баспана жағдайы да кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. 

Тағы бір өсіп көрсеткен сала сауда бағытындағы жұмыстар. Тауар айналымы жалпы көлемінің негізгі пайызын саудамен айналысатын кәсіпорындар мен қызметін негізінен тұрақты сауда орындарында  жүзеге асыратын  кәсіпкерлер барыс жылында да барынша аудан қазынасын толықтырды.

Статистика бөлімінің басшысы Е.Қапанов:

– Өз кезегінде ауданымыздағы демографиялық жағдайды да айтап өткен жөн болар. Мемлекетіміздің басты капиталына ел азаматтары. Сондықтан олардың әрқайсысы мемлекетіміз үшін қымбат. Нақты айтар болсақ статистикалық  жедел мәліметтер бойынша, аудан халқы 2022 жылдың 1 желтоқсанына 78601 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш облыс аудандары арасында халық саны жөнінен Жаңақорған, Шиелі аудандарынан кейінгі үшінші нәтиже болып саналады. Ал аймақ тұрғындарының жалпы саны 832488 адамды құрап отыр.

Ашып айтар болсақ аудандағы 78601 тұрғынның 36871-і қала тұрғыны. Қалғаны ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың 40216-сын ерлер, 38385-ін әйелдерді құрайды. Ауданда табиғи өсім  туғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылыққа сәйкес  есептелетін болса, туғандар саны  өлгендер санынан  әлде қайда жоғары.  2022  жылдың он бір айында 1821 сәби дүниеге келді. 

Ал көші-қон мәселесі бойынша да халықтың өсіміне ерекше әсер ететіндей ілгерілеушілік бар. 2022 жылдың он бір айында  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда келушілердің саны 11,6 пайызға артып, 1213 адамға жеткен. Бұл бірінші кезекте ауданның әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінің жақсаруымен тікелей байланысты, – дейді.

Алдағы уақытта да осы көрсеткіштер оң өзгерістерге ие болып, нәтижелі өсімдерге қол жеткіземіз деп анық сеніммен айта аламыз.

Бұл көрсеткіштер 2023 жылы да еселеп артып, елдің еңсесі тіктеліп, болашаққа деген сенімі күн санап арта түсті. Ол жайында да жиі ақпараттандырып, жасалған жағдайлардың алғашқы болып жаршысына айналдық. 

Дегенмен тарихты жоққа шығара алмаймыз. Бұл ел болып етек жиғалы орын алған оң өзгерістер болса, осы уақытқа дейін ғасырға жуық тарихы бар біздің ауданда талай қиындықтар орын алған. Тіпті үдере көшіп, халық саны күрт азайып кеткен уақыттарды көзбен көргендер ол жайлы жиі айтады. Архивте жинақталған құжаттар да соның куәсі. Сол кездегі деректерді салыстырмалы түрде қарайтын болсақ елдің ахуалы да айшықтала түспек.

Міне, алдағы уақытта ауданның ахуалы әлі де арта түседі деген сенім мол.

Тағы да оқыңыз: