Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК ел аумағында 14 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклоны және олармен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР арқылы жылжи отырып, найзағайлы жаңбыр, солтүстік пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ әкеледі.

«Тек елімідің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігі мен орталығында дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді», деп жазды ведомство.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тағы да оқыңыз: