Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 14 қарашаға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Кazinform.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-шығыс пен шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Барлық өңірде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Сондай-ақ күн райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірде ескерту жарияланды.

Тағы да оқыңыз: