Фото: tengrinews.kz.
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет ел аумағында 9 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада.
Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.