Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2025 жылға арналған бұқаралық спорттық іс-шаралар күнтізбелік жоспарына сәйкес, 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында ауыл спортшыларының дәстүрлі «Алтын күз – 2025» XXXVIII облыстық спартакиадасы және «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарына іріктеу жарысы ұйымдастырылып жатқаны белгілі.Аталған дода «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» және Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл мерекелеріне орай өткізілді. Спартакиада барысында спорттың бірнеше түрінен жарыстар өткізіліп, аудан спортшылары өз шеберліктерін сынға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша аудан құрама командасы ұлттық спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, асық ату спортынан командалық есепте жүлделі II орын, бес асық спортынан командалық есепте жүлделі I орын иеленді.

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қызығушылықтың айқын көрінісі болып табылатын бұл жеңіс аудан спортшыларының мерейін үстем етті. 

Тағы да оқыңыз: