Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президент өз Жолдауында «Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз» деген болатын.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен Өнер орталығында жылды қорытындылау мақсатында жаңа жылдық мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында өз саласының үздігі деп танылған қызметкерлер марапат биігінен көрінді. Соның ішінде, Н.Бекежанов театрының талантты артисі Оразалев Асқар Ерболатұлы “ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ” атанды. Асқар Ерболатұлы театрда біраз жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан дарын иесі. Көптеген спектакльдерді сәтті сахналап, түрлі фестивальдерде театр атынан қатысып жүлделі болып жүрген артист.
2025 жылы Асқар Оразалиев механик кейіпкерінің образын сәтті сомдаған «Найзағай» спектаклі үш халықаралық фестивальге қатысып, ұжымның жоғары марапаттарға ие болуына өз үлесін қосты.
Бүгінде өнердің биігінен көрініп, өзін қалыптасырып үлгерген үздік өнер иелерінің бірі. Марапатыңызбен құттықтай отырып, сізге шығармалышық шабыт, еңбекте табыс тілейміз!
Айта кетейік, биыл Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында 191 спектакль көрерменге ұсынылды. Сондай-ақ, 3 халықаралық, 1 республикалық фестивальге қатысып, 3 бас жүлде мен І орынды иеленді.
