Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық прокуратурасының бастамасымен N262 мектеп-гимназиясында Арал қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен «Армандар орындалады» жобасы аясында  кездесу өткізілді. 

«Армандар орындалады» жобасының негізгі мақсаты – оқушыларға арман құндылығы туралы түсініктерін арттыру, арманның мәні, арманға жету жолдары туралы өзіндік пікірін қалыптастыру және кәмелетке толмағандармен жасалатын немесе оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық құқықтық түсіндіру болып табылады.

Кездесу кешіне Арал ауданы әкімінің орынбасары  К. Бержанов, Арал аудандық прокурорының орынбасары  Н. Марат, сонымен бірге Арал аудандық білім бөлімінің  басшысы С. Жанназарова,  полиция бөлімінің бастығының орынбасары А. Байоразова, Арал аудандық мәслихат депутаты Е. Аяғанов,  дәрігер-хирург, денсаулық сақтау ісінің үздігі Ә. Жүсіпов қатысып, өздерінің өмір жолымен, бала күнгі армандары мен оған жетудегі еңбектері туралы әңгімелеп берді. 

Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуге, оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға және адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсіндіріп өтті. 

Шара соңында оқушылар сауалдарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: