Сыбайлас жемқорлық орын алған қоғамда даму динамикасы мүлде болмайды. Жемқорлық жайлаған салада серпін қалыптастыру да мүмкін емес. Қазақстан дамушы елдер қатарында болғандықтан онымен күрес мемлекеттің басты саясатының бірі екені айтпаса да түсінікті. Негізінен онымен күрескеннен алдын алған әлдеқайда тиімді. Осы ретте Жалағаш ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары да аз емес. Ал оның нәтижесі қалай? Осы және өзге де бірқатар сауалдың жауабын білу үшін Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимовпен сұхбаттасқан едік... 

– Ардақ Әбдіғаппарұлы, Прези­денттің Жарлығымен бекітілген Сы­байлас жемқорлыққа қарсы сая­­­саттың 2022-2026 жылдарға ар­­налған тұжырымдамасын жә­не оны іске асыру жөніндегі іс-қи­мыл жос­парынан туындайтын тап­­сыр­­маларды жүзеге асыру бо­йын­ша нендей шараларды қолға алдыңыздар? 

– Бұл мақсатта профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Ол үшін аудан әкімдігі жанынан ар­найы құрылған комиссия жұмыс жа­сауда. Сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алуда жергілікті атқарушы ор­гандармен атқарылған жұмыстар­­ды халық арасында кеңінен ақ­па­раттандыру мақсатында жер­гі­лікті газет бетіне, әлеуметтік желілерде және аудан әкімдігінің ресми сай­тына мақалалар тұрақты жарияланып келеді. Тұр­ғындардың сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы бағыттағы құ­қықтық ақ­паратқа барынша қол жет­кізуін қам­тамасыз ету мақ­са­тында аудан әкі­мінің сайтында «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәсе­ле­лері» атты жеке бөлім ашылып, ат­қа­рылған жұмыстар бойынша мә­лі­меттер тоқсан сайын енгізіліп отыр.

– Жаңа сіз айтып отырған ко­миссия отырысында осыған дейін қандай мәселелер қаралды? 

– Жалағаш ауданы әкімдігі жа­нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комис­сия­ның былтыр 4 рет кезекті отырысы өтті. Онда аудан әкімдігіне қарасты мекемелер, кент, ауылдық округ әкім­­дері мен құқық қорғау органдары басшыларының атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Кент, ауыл­дық округ әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тә­уекелдері мен осал тұстарына аса мән беріліп, мекеменің қызметіне ішкі талдау жұмыстарын жүргізіп, сы­байлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды кү­шейту тапсырылып, бақылауға алын­ған. Бұл ретте қызметкерлермен пер­соналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақ­тау керектігі жөнінде ай сайын ескерт­пелер беріліп отыр.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видео­роликтер аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды. Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік ме­кемелерде, мектептер мен ауру­хана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпа­раттық-насихаттық үнпарақтар ілін­ген. Жалағаш кентінде, ауылдық ок­ругтерде және Халыққа қызмет көр­сету орталығында «Сыбайлас жем­қорлыққа жол жоқ», «1424-ке ха­барласыңыз» тақырыбында бил­бордтар мен кернеулер орнатылды. Барлық мекемеде және оларға қа­расты ведомстволық бағынысты ме­кемелерде жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін қажетті шаралар қабылданып, бақылауға алынған. 

– Жалпы қызмет сапасына кері әсер ететіндіктен одан әсіресе мемлекеттік қызметкерлер ада болғаны дұрыс. Бірақ қоғамда жалпы жемқорлықты жою үшін қайтпек керек? 

– Әрбір мемлекеттік қызметші сы­байлас жемқорлықтың алдын алу­ға өз үлесін қосса, осы бағыттағы жұ­мыстар оң нәтижесін береді. Сон­дықтан сыбайлас жемқорлықтың ал­­дын алу, онымен күресу – бар­лық мемлекеттік қызметшінің мін­деті. Қоғамға жемқорлықтың те­ріс салдары туралы ақпаратты дұ­рыс жет­кізу олардың сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы мәдениетінің қа­лып­тасуына, өз құқықтары мен мін­­­деттерін терең ұғынып, жете тү­сі­нуіне және орындауына септігін ти­гі­­зеді. Ол үшін ең алдымен қо­ғамда сыбайлас жемқорлыққа қар­сы сана қалыптасуы керек. Сы­бай­­лас жемқорлыққа қарсы сана қа­­­лыптасқан жағдайда ғана адам адам­гершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жа­сау­ға жол бермейді. Ал қоғамда сы­байлас жемқорлыққа қарсы мә­де­ниетті қалыптастыру, рухани құн­­­ды­лықтарды арттыру, адалдық пен әділдікті қалыптастыру – барлы­ғымызға ортақ міндет. 

– Жалпы аудан бюджетінен қар­жыландырылатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сек­­­­тор субъектілерінде сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу мақ­сатында сыбайлас жемқор­лық тәуекелдеріне талдау бола ма? 

– Әрине, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, былтырдан бастап ішкі тал­дау жұмыстары жүргізіліп ке­­леді. Биыл аудан әкімдігіне қа­расты 5 дербес бөлімде, аудан әкімінің және 8 ауылдық округ әкімінің аппа­рат­тында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүр­гізі­ліп, талдау нәтижесімен қалыптасқан ұсыныстар уәкілетті органға жол­дан­ды. Аудан әкімі және кент, ауылдық округ әкімі аппараттары мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім қызметкерлері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке табысы туралы декларациялар уақытылы тап­сырып отыр. 

– Жалпы ауданда сыбайлас жем­қорлық фактілері осыған дейін орын алды ма? 

– Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сы­байлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар түскен жоқ. ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік ко­дексіне сәйкес, Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қар­жыландырылатын атқарушы ор­­гандарда жеке және заңды тұл­ға­лардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер талапқа сай ор­натылған. Аталған мекемелерде «Се­нім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жар­шысы» газетінде жарияланды. 

– Қоғаммен ашық байланыс ор­натуда нендей шаралар қолға алынды? 

– Бұл мақсатта ауданда азамат­тарға құқықтық көмек көрсету шең­берінде тоқсан сайын «Халықтық заңгер» акциясы өткізілуде және бар­лық кент, ауылдық округ­терде «адалдық бұрышы» жұмыс жа­сау­да. 2024 жылы үкіметтік емес ұйым­дармен жүзеге асыры­ла­тын мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс­тарға 5 млн теңге қаралып, ол бо­йынша 13 жоба іске асырылады. Есепті кезеңде аудан бойынша сы­байлас жемқорлық сипатындағы қыл­мыстар, құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Мұның барлығы сол қолға алған жобалардың жемісі деп білемін. Алдағы уақытта ау­дан әкімдігі тарапынан Сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұ­жы­рым­­да­масын, оны іске асыру жө­ніндегі іс-қимыл шеңберінде пәр­менді шаралар қабылданып, нақты жұмыстар жүзеге асады. Жем­қор­лықпен күрес – ортақ міндет. Осы мақсатта ойымыз тоғысқанда біз жа­саған жұмысымыздың жемісін көре­міз. Негізінен онымен күресті әр адам өзінен бастағаны баршамызға тиімді. 

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан 

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Тағы да оқыңыз: