Kyzylorda-news.kz. Биыл Арал қаласындағы №71 мектеп-интернатының ірге тасы қаланады. Бүгінде жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайды.

«Өткен жылы 22 799 шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Арал қаласынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы, Арал қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон құрылысы, 250 орындық оқушылар үйінің құрылысы, Жаңақұрылыс, Қызылжар, Қаратерең, Бөген, Райым ауылында биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізілді», – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Сонымен қатар, Жақсықылыш кентіндегі дәрігерлік амбулаториясына жөндеу, мұрағат ғимаратына, Арал қаласындағы көпсалалы колледжіне және индустриалды-техникалық колледжіне күрделі жөндеуден өтті.

Тағы да оқыңыз: