Kyzylorda-news.kz. Арал десе балық деген сөз қоса айтылатын екеуі егіз ұғым болып кеткені қашан. Олай болуы заңдылық та. Өйткені біз теңізді өлке деген атқа ие, балық шаруашылығы халықтың ата кәсібіне айналған өңірміз. Уақыт көші ілгері жылжып, теңіз тартылса да халық балық шаруашылығынан қол үзген жоқ. Содан да болар балық өнімдері Аралдың брендіне айналды. Алыстан келген қонақ та, сапарлап барған жеріміз де аралдықтардан балық өнімін ғана сұрайды. Бұл өздерінде жоқтықтан емес. Біздің өнімнің ереше тәсілмен дайындалатын тіл үйірер дәмділігінен болса керек. Осыны ескерек Есекеева Асылзат балық өнімдерін дайындайтын асқана ашты. 

Аралда кәсіпкерлік қарқынды даму үстінде. Заман талабына сай түрлі жылдам тамақтану орындары ашылу үстінде. Бірақ бұған дейін балық өнімінің асқанасы болған емес. Теңізді өлке деген аты бар Аралда осындай тамақтану орыны болса деген тілектен туған мақаланы бірнеше мәрте жариялаған едік. Ақжолтай жаңалықты естіп, кәіп бастаған Асылзат Есекеевапен сұхбаттастық. 

– Балық шаруашылығымен айналысып келе жатқаныма 30 жылға жуық уақыт болды. Жолдасым Төрехан екеуміз балаларымызды ата кәсіптің арқасында елден кем қылмай жетілдіріп жетпкіздік. Бұл біздің басты тіршілігіміз болды. Бірақ бізді бұрын балықты өңдеумен ғана айналыстық. Теңізден келген балықты шикізат күйінде өңдеп сырт қалаларға тасымалдап отыратынбыз. «Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демекші кейін балам балықшы болды. Сондан ойлана келе балық өнімдерін дайындайтын асхана ашайық деген шешімге келдік, - деген кәсіпкер кәсібін бастау жолы туарлы айтты. 

Бұл отбасылық кәсіп десек те болады. Себебі Асылзат апайдың ұлы теңізден су маржанын сүзіп әкеледі, жолдасы Төрехан оны тазалап, өңлеп асхананға жолдайды. Ал асханадағы шаруаны Асылзат апай мен қызы Бота ұршықша үйіріп отыр. Қазір асханада балықтан дайындалатын бірнеше өнім түрлері бар. 

– Асхананың ашылғанына аз уақыт болса да, естіп келіп жатқандар көп. Біз мәзірді тұтынушыларға ыңғайлы бағада әрі түрлі дәмнен тұратын етіп дайындадық. Мәселен, қуырылған балық, уылдырық, балық фаршынан катлет, түрлі дәмдеуіштер, аскөктермен ұсынылады. Сондай-ақ, ұлттық тағам қарама, асылған балық сынды тағамдар да дайындалаты. Тек бір есткеретіні ондай тағамдарға тапсыры алдын ала жасалуы керек. Бұған қоса, жеткізу қызметі де бар, - деген Бота ас мәзірімен таныстырды. 

Асхана орталықта орын тепкен. Ішінде келушілерге жайлы жағдай жасалған. Бәрінен де қуырылған балықтың иісі тәбетіңді ашып, аңсарыңды аудырады. Кәсіпкерлің айтуынша, мұнда балық ауланған бойда, балғын күйінде жеткізілетін болғандықтан дәмі де өз күйін сақтайды екен. 

– Қазір аз уақыттың ішінде келушілер қатары күнен күнге көбейді. Әсіресе, түстік асқа келушілер көп. Бәрі де ризашылығын білдіріп кетуде. Әрине балықтан дайындалатын тағамдар бізге таңсық емес. Күнделікті үйдегі ас мәзірінде дайындай береміз. Бірақ қазіргі қарбалас уақытта көбі балықты тазалап, өңдеу оны бабын келтіріп қуыруға, асуға уақыт таба бермейді. Біз де асхананы ашарда осыны ескріп, аралдықтарға ұнамды ас ұсынуда мақсат еткен болатынбыз, - деді кәсіпкер. 

Рас, мұндай асқананың болуы көңілге қуаныш ұялатады. Енді қуырылған балық, немесе басылған балық пен қарма жегіңіз келсе анасы мен қызың асханасын барып дәм татсаңыздар болады. Кәсіпкерлер алдағы уақытта асхананы үлкейтуді де жоспарлап отыр. Бәрі уақыт еншісінде.

Тағы да оқыңыз: