Kyzylorda-news.kz. Арал өңірнің көне жәдігерлерін жапон ғалымдарымен бірге зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Арал маңы тарихына археологиясына қатысты тың жаңалық. Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі Токио қаласындағы Мэйдзи университеті, Обсиадан және тастарды зерттеу орталығы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Археология және этнография ғылыми орталығымен бірлесе отырып, 2024-2026 жылдары Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі қаржыландыратын халықаралық ғылыми жоба ұтып алды.
Жоба Арал маңының ежелгі дәуірлер ескеркіштерін табылған жәдігерлерге зертханалық талдау (қыш ыдыстарға) зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен екі жақты меморандум қол қоюға дайындық жүргізіліп жатыр.
Жобаның нәтижесінде бірнеше ғылыми еңбектер шығару жоспарланып отыр.
Жоба авторлары:
– Эйко Эндо, PhD доктор – Мэйдзи университеті, Обсиадан және тастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Токио қаласы, Жапония
– Шинья Шода, PhD доктор – Нара ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі, Наро қаласы
– Құрманиязов Ыслам Серікұлы, гуманитарлық ғылымдар магистрі – Қорқыт Ата Қызылорда университеті Археология және этнография ғылыми орталығы ғылыми қызметкері, Қызылорда қаласы, Қазақстан.
Жоба мерзімі: 2024 жылдың сәуірінен 2027 жылдың наурызына дейін.