Kyzylorda-news.kz. Ел экономикасын дамытушы кәсіпкерлік саласы соңғы уақыттары Арал ауданында көкжиегі кеңіп келеді. Оған дәлел түрлі демалыс орындары мен сауда қатарларының бой көтеруі. Өз кезегінде кәсіпкерліктің даму динамикасының өсуі ауданның айшықты келбетін қалыптастырумен қатар, халық қажетін өтеп отыр. Осы ретте аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар легі туралы айталық.
Иә, барлығымыз байқағандай соңғы жылдар кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жастардың өз кәсібін игеруіне мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулар да септігін тигізуде. Біздің бөлім қызметкерлері үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында талдау жасады. Нәтижесінде Арал ауданында жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5862 бірлікке жеткендігін байқадық. Оның ішіндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5559 бірлікті құрап, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі – 94,8 пайыз болды. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікте 9247 адам жұмыспен қамтылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 125 пайызға өскен. Ал өнім өндіруге келетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 8654 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 169,7 пайызға өсім көрсеткен екен.
Арал ауданында бөлшек және көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келеді. Әсіресе бөлшек сауданың үлесі басым. Өткен жылы Арал ауданындағы бөлшек сауда 11,9 млрд. теңгеге жетіп, алдыңғы жылдардың кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызға артты. Осы жерде айта кету керек, бұл көрсеткіштің артуы аудандағы сауда және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келе жатқандығын білдіреді.
Сонымен бірге өнеркәсіп кәсіпкерліктің күретамыры. Өткен жылы өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі жоспарланған межеден артық нәтиже көрсетіп, көңіл марқайтып отыр. Кеңінен тоқталатын болсақ, Арал ауданында өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінің оң динамикасы қалыптасты. Өнеркәсіп орындары 31,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 103,9 пайызға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 21,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп 103,4 пайызға өсім көрсетті.
Жаңа атап өткеніміздей кәсіпкерліктің дамуы тартылған инвестицияның да өсім алып отырғандығын айқындай түседі. 2023 жыл қортындысымен ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 24,4 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 140,3 пайыз өсімді құрап отыр. Оның ішінде 56,5 пайызы жеке сектордың үлесі.
Тағы айта кетерлігі, бүгінгі күні кәсіпкерлер қайтарымсыз гранттық қаржылар, жастарға арналған және «Ауыл аманаты» жобаларының 2,5 пайыздық төмендетілген несиелерін, сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған 6 пайыздық несиелерді рәсімдеп кәсібін одан әрі жандандыруда. Еді бірі өз кәсібін бастауға мүмкіндік алуда. Ауданда несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 269 жобасы несиелендірілді. Оның ішінде, «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 38 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 44 жоба, «ІІ дәрежелі банктердің жеңілдетілген несиелері» арқылы 67 жоба, «Арал ырысы» несие серіктестігімен 24 жоба, Жастарға арналған несиелендіру бағдарламасы арқылы 24 жоба және «Ауыл аманаты» несиелендіру бағдарламасы бойынша құны 444,5 млн. тенгенің 72 жобасы қаржыландырылды. Жыл басынан бері «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында 138 жоба 400 АЕК көлміндегі грант қаражатын алды. Сондай-ақ, 2-5 млн. теңге көлеміндегі грант қаражатына жалпы құны 9,62 млн. теңге болатын 2 жоба қол жеткізді. Олар «Шыны талшықты шатыр өндірісі» және «Шұлық өндірісі» жобалары.
Қазіргі күні кәсіп ашуға ниетті жандар баршылық. Олардың тың жобалары Арал ауданының әлеуетін арттырып, ахуалын тұрақтандырады. Және сауда саласындағы бәсекелестікке төтеп бере алады. Сондай-ақ, ауданда Бірыңғай индустрияландыру картасы, Жалпы ұлттық жобалар Пулы және Өңдеу өнеркәсібі жобаларының Пулына 2024-2026 жылдары іске қосылатын жалпы құны 171,7 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба енгізілді. Оның ішінде 2024 жылы Жалпыұлттық жобалар Пулы аясында құны 500 млн. теңгені құрайтын іске қосылғанда 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын «Sinooil» ЖШС «Жанармай құю станциясын ашу» жобасын іске қосу жоспарда. Аталған жоспарлы жұмыстар жүзеге асқанда ауданың кәсіпкерлік саласы өз жетістігін еселей түсетін болады.