Kyzylorda-news.kz Айдынды Арал ауданында уақыт санап барлық дерлік сала бойынша дамып келе жатқанын көзіміз көріп жүр. Иә, қазіргі технология дамыған заманда уақыттан қалыс қалмай даму үстінде. Сонымен бірге тазалық жұмыстары да уақытылы назардан тыс қалмай атқарылып келеді. Ендігі кезекте бүгінгі мақаламызда Арал ауданының әрбір сала бойынша атқалылған жұмыстарына назар аударсақ.

Бұл кезең Арал ауданының даму тарихында жаңа жобалардың бастау алуымен ерекшеленді. Атап айтсақ, ғасыр жобасы аталған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (САРАТС),сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысы, «Жезғазған-Сексеуіл» шойын жол құрылысы, «Бозой - Шымкент» газ құбырын тарту жұмыстары, Кеңқияқ-Атасу мұнай құбырының құрылыстары жүргізілді.

Бұның барлығы егемендігіміздің арқасында еңсерген жетістіктер, себебі Совет Одағы кезінде еліміздің жер-жерлеріне, шалғай елді мекендеріне ауыз су, газ, электр жарығы мен жолдар барады дегенге ешкім сенбеген шығар.

Қазіргі таңда, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» бойынша жобаның І-ші кезеңі сәтті аяқталды. 

Ғасыр жобасы атанған САРАТС-тың жүзеге асырылуы нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде балық шаруашылығының өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер туды.

Жоба шеңберінде Солтүстік Арал теңізіндегі Көкарал су тоспасы, Ақлақ су тоспасы және Сырдария өзеніндегі өзге де бөгеттері салынды.  1990 жылдары тек қана балықтың екі ақ түрі (камбала глосса және балтық майшабағы)болса, қазіргі кезде теңіз балық қоры молайып 22-ге жеттіп, бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге мүмкіндіктер туды. Сонымен қатар, теңіз Арал қаласына біршама жақындады. Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне құйылатын судың көлемі көбейіп, өңірдегі көптеген биологиялық түрлер қалпына келді. Өз кезегінде, көлемі 20-30 мың гектардан асатын ондаған ірі көлдер қалпына келіп, балық шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалды. Тағы бір қуантарлығы теңізде бұрын жойылып кеткен балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланады.

1991 жылы ауданда жалғыз «Арал балық комбинаты» тоқырауға ұшыраса, бүгінгі күні жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

Бүгінгі күні 5 зауыт атап өтер болсақ, «Agrofish 2020», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң», «Aral seafood» ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары балықты терең өңдеумен айналысатын болса, қалған 4-уі яғни, «Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш», Zhalgasbay шағын балық өңдеу зауыттары  балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады.

Сонымен бірге Арал ауданында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорындар бар. Оның бірі «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары. Бұдан бөлек 15-ке жуық балықтарды сұрыптап қатыру және сақтау цехтары жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ Арал ауданында балық аулау көлемі жыл санап артуда. Мәселен, 1991 жылдын қорытындысымен 50 тонна балық ауланған болса, қазіргі таңда ауланған балық көлемі 6920 тоннаға жетті.

Ауланған балық 2024 жылдың басында 6 484 тонна болса, өңделген балық 4 727 тоннаға жетсе, 2 378 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Сонымен қатар 2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әр– САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Дүниежүзілік банктің қарыз қаражатын тарту рәсімдері созылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметімен САРАТС-2 жобасының I кезеңіне енгізілген компоненттің 4-уін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыруды бастау жөнінде шешім қабылданды Қазіргі таңға дейін «Қазсушар» РМК арқылы Кіші Арал теңізінесуды жіберу, судың тұздылығын төмендету және Көкарал бөгетіннығайту мақсатында жұмыстарды жалғастыру үшін 2023 жылға 1,5 миллиард теңге қаралған. Соған сәйкес жер жұмыстары (тегістеу, топырақтасу т.б) және Қарашалаң көлінен бастап Тәуір өңірінен теңізге қарай«Қарашалаң-2» каналының 13,1 шақырым жерін тазалау, САТ(Солтүстік Арал теңізі) бөгетінқалпына келтіру 0,78 шақырым, Ақшауыт бөгетін таспен бекіту – 0,7шақырым және Қарашалаң көлі мен Сырдария өзені арасындағыбөгеттердің бұзылған No3, No4 учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген екен.

Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 1998 жылы 200,0 миллион теңгені құраса, 2023 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 31384,8 миллион теңгеге жетіп, 157 есеге артып отыр. Мал басының да өсу динамикасы бар.

Еліміздің экономикасын көтеруде кәсіпкерлік саласының маңызы жетерлік. Осы тұста кәсіп ашам деген кез келген адамға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер де аз емес. Арал ауданының кәсіпкерлік саласы уақыт өткен сайын дамып келеді.

2023 жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсіп саласы өнімдері 21634,0 миллион теңгені құрап,1998 жылмен салыстырғанда 51 есеге артты. Сонымен қатар азық-түлік тағамдары өндірісінің, балық өнеркәсібінің, бетон және пластмасса өнімдерінің, тұз және кварц топырағы өндірісінде едәуір өсуге қол жеткізілді.

Инновациялар мен инвестициялар саласында да бірқатар шаралар атқарылды. Кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою, семинар-кеңестер, кездесулер өткізу жұмыстары жүргізілді. Арал ауданында тартылған инвестиция көлемі 220,0 есеге дейін артты. Яғни, 1998 жылы - 110,0 миллион теңге болса, 2023 жылы -24419,7 миллион теңгеге жеткен екен. 

Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие.  Ағымдағы жылы 1 ақпанына Арал ауданында жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5614 бірлікті құрады. Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5369 бірлікті құрап, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі – 95,6 пайыз. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың ресми статистика бойынша тиісті көрсеткішімен салыстырғанда 3362 бірлік 159,6 пайызға өсім көрсеткен. Яғни, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, аудан экономикасының дамытуға жайлы орта қалыптастыруда.

Арал қаласының солтүстік – шығыс беткейінде кәсіпкерлік мақсаттағы индустриялық аймақтың инженерлік инфрақұрылымы жүргізіліп, жобалар орналастырыла бастады. Индустриялық аймақтың жалпы жер көлемі –16 гектар, жобаларға табысталған жер көлемі – 2 гектар, 2023 жылы қосымша 10 гектар жер телімі табысталып(Арал қаласы әкімінің 2023 жылдың 13 қаңтарындағы №19 шешімі), 14 гектар жер теліміне жобаларды орналастыруға мүмкіндік бар екен.

Қазіргі таңда Арал ауданының индустриялық аймағында жалпы құны 2 538,3 миллион теңгені құрайтын 2 жобаны іске асыру мақсатында жер телімдері табысталған. Олар: «Берекет» ШҚ – «Ет және ет өнімдерін өндіру, тұшпара цехын салу» жобасы. Жоба құны - 38,3 миллион теңге. Жұмыс орны – 9 адам. Ал екінші, «Qazaq Camel» ЖШС-ның «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау» жобасы. Жоба құны – 2,5 миллиард теңге. Жұмыс орындары – 23 адам. Аталған жобалардан бөлек, Біріңғай индустрияландыру картасына енгізу және индустриялық аймаққа орналастыру мақсатында жалпы құны – 4,4 миллиард теңге болатын 2 жобаның тиісті құжаттар жинақталуда. Атап өтер болсақ, «Арал полимер» ЖШС-нің «Полипропилен қап шығару» жобасы – жоба құны 4,0 миллиард теңге, жұмыс орындары – 323 адам. Сонымен бірге «Арал Проф Н» «Темірден дайын өнімдер өндіру» жобасы – жоба құны 482,9 миллион теңге, жұмыс орындары –36 адамды құрайды.

2023 жылдың қорытындысымен Арал ауданында несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 4168,8млн. теңгенің 269 жобасы несиелендірілді. Оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 252,1 миллион теңгенің 38 жобасы және де «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 344,8 миллион теңгенің 44 жобасы. Сонымен қатар «ІІ дәрежелі банктердің жеңілдетілген несиелері» арқылы  2732,1 миллион тенгенің 67 жобасы. «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны  283,5 миллион теңгенің 24 жобасы. Жастарға арналған несиелендіру бағдарламасы арқылы құны 112,8 миллион тенгенің 24 жобасы. Және соңғы «Ауыл аманаты» несиелендіру бағдарламасы арқылы құны  444,5 миллион тенгенің 72 жобасы.

Ағымдағы жыл бойынша жалпы құны 313,9 миллион теңге болатын 31 жоба қаржыландырылған болса, құны 249,8 миллион теңгенің 16 жобасы мақұлданып тұр.         2023 жыл көлемінде «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында жалпы құны 190,4 миллион теңге болатын 138 жоба 400 АЕК көлміндегі грант қаражатын алды. Сондай-ақ, 2-5 миллион теңге көлеміндегі грант қаражатына жалпы құны 9,62 миллион теңге болатын 2 жоба қол жеткізді. Атап өтсек, шыны талшықты шатыр өндірісі – 5 миллион теңге, шұлық өндірісі – 4,62 миллион теңге.

Сондай-ақ, аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан құны 159 195 миллиард теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобалар бар. Оларды атап өтер болсақ, «Арал Сода» ЖШС-ның «Кальциленген сода шығарузауыты» жобасы, құны 146300 миллиард теңге. Және «Арал Полимер» ЖШС-ның «Полипропилен қапшықтарын өндіруцехы» жобасы, құны 4000 миллиард теңге. «Camel Pro» ШҚ-ның «Заманауи су сақтау технологияларды пайдалана отырып жоғары калориялық жоңышқа өсіру» жобасы, құны 2 600 миллиард теңге. «Qazaq Camel» ЖШС-ның «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару» жобасы, құны 2 500 миллиард теңге. «Aral Quartz» ЖШС-ның «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехы» жобасы, құны 1 947 миллиард теңге. «Карашалан Балык» ЖШС-ның «Арал ауданында балық зауытын салу» жобасы, құны 500 миллион теңге. «Sinooil» ЖШС-ның «Жанармай құю станциясы» жобасы, құны 500 миллион теңге. «Арал Проф Н» ЖШС-ның «Темірден дайын өнімдер өндіру» жобасы, құны 482 миллион теңге. ДК «Аманжолов Жұбаныш»-тың «Ылғал майлықтар өндіру цехын ашу» жобасы, құны 320 миллион теңге. ҚР атқарушы дирекциясы «ҚҚ Халықаралық Аралды құтқару қоры»-ның «Қамыстыбас көлінің жағасында үйрек-тоған балық өсіру шаруашылығын» жобасы, құны 45 миллион теңге.

Аталған жобалардан бөлек, 2015 жылы Берекет ШҚ ет және ет өнімдері түшпара өндіру цехы, 2016 жылы Арал құрылысы ЖШС-ның асфальт-бетон өндіру зауыты, Қаратерен а/о Жалғасбай ЖШС-ның балық өндеу зауыты, 2020 жылы АралСиФуд ЖШС-ның балық өндеу заводы, 2021 жыл Аралтұз АҚ 3 Испан цехы және Арал кварц ЖШС-ның кварц құмын байыту бойынша комбинаты, 2022 жылы АралСиФуд ЖШС-ның балық ұнын өндіру цехы халық игілігіне пайдалануға берілді.э

Білім саласы қоғамда назардан тыс қалған емес. Бала болашағы үшін білім алатыны белгілі. Осы тұста Арал ауданы әлеуметтік салада да оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осы күнге дейін ауданда 38 мектеп оның ішінде 5 мектеп 50 орындық балабақшасымен бой көтерген. Атап айтқанда, Арал қаласында 5 мектеп, Жақсықылыш кенті 1 мектеп және Сексеуіл кентінде 2 мектеп. Ауылдармен елді мекендер бойынша 29 мектеп (Бөген, Қамыстыбас, Ақбасты, Жалаңаш, Абай, Сазды, Аралқұм, Ақбай, Бекбауыл,Шөмішкөл, Қосжар, Қосаман, Сапақ,Райым, Аманөткел, Ескұра- 2 ,Қарашалаң, Құланды,Қызылжар, Қаратерең, Құмбазар,Жіңішкеқұм, Шөміш, Еримбетжаға, Аққұлақ, Көктем, Ақеспе, Үкілісай, Конту)және Арал қаласынан 3 мемлекеттік балабақша (Гүлдер балабақшасы 2010 ж., Алтын балық балабақшасы 2012 ж. және Сартай балабақшасы 2014 ж.)ашылған.

Жалпы орта білім беретін 48 мектепте 17 649 оқушы дәріс алады. Аудандағы 57 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 20 мемлекеттік, 18 жеке балабақшалар, 19 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 4302 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар 3-6 жас аралығындағы балалардың барлығы 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған.

2023 жылы 7 мектеп 6,7 миллион теңгеге (№281 Райым, №77 Құланды,№73 Аманөткел, №230 Жіңішкеқұм, №13 Арал қаласы, №231 Сексеуіл, №19 Жақсықылыш) ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп, 47,7 млн теңгеге 6 мектеп пәндік кабинеттермен жабдықталды (№281, №77, №73, №230, №13, №231)және 28,8 млн теңгеге қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында 4 мектеп бейне бақылаумен қамтылып, 10 мектепке 5,6 млн теңгеге дабыл қондырғылары қойылған. Сонымен бірге, Қамыстыбас көлінің жағасындағы балаларға арналған сауықтыру кешені (пансионат) құрылысы салынып пайдалануға берілді.

Адам денсаулығы қай кезде болмасын алдыңғы орында тұрады. Аудандағы әр азаматтың денсаулығы да жіті бақылауда. Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда орталық аурухана, жүйке аурулар диспансері, Сексеуіл ауылдық ауруханасы, аудандық емхана, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 36 медициналық пункт бар. Оның ішінде Арал қаласы бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, Сексеуіл кентінде – 1 емхана, 9 дәрігерлік Амбулатория(Жақсықылыш, Қаратерең, Қамыстыбас, Қарақұм, Аманөткел, Аралқұм, Шижаға, Бекбауыл,  Жаңақұрылыс)және 23- медициналық бекет (Ерімбетжаға, Ақеспе, Ескіұра, Аққұлақ, Ақшатау, Сапақ, Қарашалаң, Шөміш, Үкілісай, Шөмішкөл, Көктем, Жетесби, Жіңішкеқұм, Құланды, Қосаман, Ақбасты, Жалаңаш, Тастақ, Ақбай, Сазды, Қосжар, Тастүбек, Жалғызағым) пайдалануға берілген.

Арал ауданы халқына қазіргі таңда 139 дәрігер мен 690 орта буынды медицина мамандары, 2 фармацевт, 2 провизор қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткен жылы 49,4 миллион теңгеге құрал-жабдықтар алынды. 

Денсаулық саласында жасалған қолдаулардың арқасында 2023 жылдың қорытындысымен халық саны 79099-ға жетті (1999 жылы-68382 адамды  құраған).

Бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі – жұмыссыздық. Бұл мәселені шешу үшін елімізде түрлі шаралар қолданылып келеді. Атаулы мәселе Арал ауданында оңтайлы шешім тауып келе жатыр. 2023 жылдан бері ауданда 1971 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ел Президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес, 1293 орын ашылып, жоспар 124,1 пайызға орындалды.

 «Қызылорда облысының 2022-2025 жылдарға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы» аясында 27 жоба бойынша 338 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 101,2 пайызға орындалды. Өткен жылдың жаңалығы – Арал қаласында Отбасын қолдау орталығы ашылып, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету, оларды қоғамға бейімдеу жұмыстарымен айналысуда. 

«Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылы қабылданған болатын. Аталған Заң жобасы 1999, 2001 және 2016 жылдары қайта қабылданып, нәтижесінде ауданда халықты әлеуметтік қорғау саласында оң өзгерістер қалыптасты. Халықты жұмыспен қамту бағытында қабылданған түрлі Заңдар мен бағдарламалардың нәтижесінде жыл сайын мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылып келеді. Осы ретте, 2005 жылы аудан бойынша жұмыссыздар саны 2870 адамды құрап, жалпы жұмыссыздық деңгейі 8,5 пайызды құрады. Ал, 2023 жылы жұмыссыздар саны 1501 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады.

Соңғы 18 жыл ішінде аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға төмендеген. 2002 жылы ауданда орташа жалақы көлемі 13 683 теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 294 907 теңгеге жетті.

Тәуелсіздік жылдарынан бергі Арал ауданының мәдениет саласында, 1999 жылы Аудан әкімінің шешімімен Шөміш ауылдық кітапхана, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жыл Мәдениетті  қолдау жылы» орай Қарашалаң ауылдық кітапханасы, Сексеуіл ауылдық балалар кітапханасы, 2009 жылы Аудан әкімінің қаулысымен Аққұлақ ауылдық кітапханалары ашылды  және 2021 жылы Облыстық «Сыр мәдениеті жаңа ғасырда» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Сапақ ауылдық кітапханасы. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында 3 мәдениет үйі (Арал қ., Сексеуіл к., Шижаға е/м) және 5 ауылдык клубтар (Сазды е/м, Қосаман е/м, Жіңішкеқұм е/м, Қамыстыбас е/м, Ақеспе е/м)іске асырылды.

Денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 31208 адамды құрайды. Бұл жалпы аудан тұрғындарының 39 пайызы. Демек, спортпен шұғылданушылар саны 12%-ға өскен.

Аудан көлемінде 2 спорт мектебі (№19 АОРМБЖМ, №20 БЖСМ) және 1 спорт клубы (Арал спорт клубы) жергілікті халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 31 208 адам.  Бұл аудан тұрғындарының 39 пайызын құрайды.  Аудан бойынша 260 спорт объектісі тіркелген. Оның 4-і спорттық кешен, 1-і стадион, 55-і спорт залдар, 14-і бейімделінген спорт бөлмелері, 4-і спорттық ату тирлері, 163-і жазықтағы спорт алаңдары, 19 футбол алаңдары халыққа спортпен шұғылдану үшін қызмет көрсетіп келеді.

2009 жылдан бастап облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы спорт нұсқаушыларын қаржыландыру тәжірибесі енгізілген болатын. Нәтижесінде жалпы білім беру және спорт мектептерінің спорт залдары мен спорт алаңдарында оқу үдерісінен тыс уақытта қала және елді мекен тұрғындары бекітілген спорт нұсқаушылары арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда.

“Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында 2022 жылы Аманөткел елдімекенінде және 2023 жылы Қамыстыбас елді мекенінде денешынықтыру - сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Биыл Жақсықылыш кентіндегі денешынықтыру - сауықтыру кешені пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан тұрғындарға 191 баспана табысталды. Оның 165-і жалға, 11-і қызметтік, 15-і «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге ерікті түрде қоныс аударуын жүзеге асыру мақсатында берілген. Сондай-ақ, тұрғын үй саласында «Болат Өтемұратов» жеке қорымен, «Баламекен» жобасы аясында Арал ауданының тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған жалғыз баспанасы «апатты» деп танылған азаматтарға, жетім балаларға, көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеуші, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға барлығы 40 пәтер өтеусіз берілді.

«Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша – 65 коммуналдық меншіктегі 1 пәтерлі тұрғын үй, аудан көлеміндегі жас мамандарға  180 тұрғын үй, көп балалы аналарға 2 пәтерлі 18 тұрғын үй (36 пәтер) және «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында әлеуметтік жағынан осал топтарға 2 пәтерлі 50 тұрғын үй (100 пәтер) салынып пайдалануға берілген.

Құрылыс саласында бүгінгі күнге дейін Арал ауданында бой көтерген жобаларды атап өтер болсақ, АІІБ ғимараты, 5 учаскелік полиция бөлімшесінің ғимараты, Арал қаласындағы №4-ші мөлтек ауданында өкілдік (резиденция) коммуналдық объектісі, сот ғимараты сонымен бірге аудандық прокуратура ғимараты, халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты. Сонымен бірге ауыз су мәселесі бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2013 жылы 5 елді мекеннің (Жақсықылыш кенті, Қосжар, Сапақ, Жалаңаш, Ақбай елді мекендері)ішкі су жүйесін  кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдары 7 елді мекенге(Сексеуіл кенті,Аманөткел, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Конту е/м)ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 4 елді мекеннің (2018 жылы Қарашалаң, 2020 жылы Шөміш, 2021 жылы Аққұлақ, Көктем 2023 жыл)ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары  (барлығы 16) жүргізілген және де «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы 363,2 млн теңгеге Арал қаласының №8, №6, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы, Көктем елді мекені толықтай Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылса, 442,6 млн теңгеге Арал қаласының №6,№8,№5, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы толықтай электр желілеріне қосылды. Сондай-ақ, Құланды елді мекеніне 17,5 млн теңгеге блок-модуль қойылды. Бұл өз кезегінде елді мекендердің сапалы ауыз сумен қамтылу дейгейін 88,6 пайызға көтерді.

2014 жылы Арал аудандық бюджеттен бөлінген 1,5 миллион теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз су тұшыту қондырғысының мембрана клапандары жаңадан ауыстырылды. 2015 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,4 миолион теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз су шахталық құдығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,6 миллион теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз су тұщыту қондырғысының 8 дана мембраналық құрылғылары ауыстырылып, шахталық ауыз су құдығына қоршау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 4,0 миллион теңгеге Сазды ауылындағы 3 дана шахталық ауыз су құдығы жәнеТоқабай елді мекеніндегі ауыз су құдығы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңадан шахталық ауыз су құдығы қазылды.

2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 162 589,0 мың теңге қаржыға жалпы ұзындығы 6,0 шақырымды құрайтын Арал қаласының 6 көшесі және вокзал маңындағы алаң орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен  бөлінген 134 126,0 мың тенгеге Қамыстыбас елді мекеніндегі 3,5 шақырымды және Шижаға елді мекеніндегі 3,5 шақырымды құрайтын ішкі автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 200 000,0 мың теңгеге жалпы ұзындығы 11,45 шақырымды құрайтын Арал қаласының 13 көшесіне және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен  бөлінген 181 801,0 мың теңгеге 8,8 шақырымды құрайтын Сексеуіл кентінің   14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 21 887,0 мың теңгеге қаладағы 6 көшенің автомобиль жолдарында жасанды жол кедергілері (лежачий полицейский) және Т. Есетов - Қ. Ерімбет, Т. Есетов - Әбілхайыр хан, Әбілхайыр хан - Бақтыбай батыр, Бақтыбай батыр - Жетес би, Абай даңғылы - Үмбет би, Әйтеке би - Нұржаубаев көшелерінің қиылыстарына бағдаршамдар, зағиптар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дыбысты дабыл қондырғылары орнатылды.

2015 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 126 083,0 мың теңгеге Аманөткел ауылдық округінің Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге дейінгі кірме автомобиль жолына орташа жөндеу, Хан-Жаңақұрылыс және Қызылжар елді мекені бағытындағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Арал қаласындағы 5 көше орташа жөндеуден өткізілді.

2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 123 420,0 мың теңге қаржыға 3,43 шақырымды құрайтын Арал қаласының 9 көшесі орташа жөндеуден және аудандық маңызы бар екі бағыттағы автожол мен Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген 142 216,0 мыңтеңгеге  «Самара-Шымкент-Сексеуіл» (0-3, 35-37 км), «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» МКҚК-на кіре беріс (1,873 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу 144 783,0мың теңгеге Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (6,4 км) автомобиль жолының І-кезеңі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 53 369,0 мың теңгеге Арал қаласындағы бір көшеге орташа жөндеу,  бес көшеге және Жақсықылыш кенті мен Қосжар ауылындағы көшелерге, Қамыстыбас, Шижаға елді мекендеріне кіре беріс жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.         2016 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 888,0мыңтеңгеге Арал қаласының Абай – М. Үмбет би және Әйтеке би – Нұржаубаев көшелері қиылыстарына 4 дана мүгедектерге арналған синхронды дыбыстық қондырғысы мен 12 дана жол белгілері орнатылды.

2017 жылға барлығы-1 758 652,6 мың теңге бөлініп, «Сазды елді мекеніне кіре беріс»,  «Райым-Водокачка елді мекеніне кіре беріс» автожол құрылысы және «Арал-Әуежай-Жалаңаш (Бірлестік)» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып, Қызылжар елді  мекеніне кіре беріс автомобиль  жолын күрделі  жөндеудің ІІ кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілді.  Сонымен қатар 3,2 шақырымды құрайтын Арал қаласындағы 8 көше орташа жөндеуден және аудандық маңызы бар алты бағыттағы автожол мен Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, бүгінгі күні Арал ауданының Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір (понтонный мост) салынды. 

2017 жылы 10 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Райым-Водокачка елді  мекеніне  кіре беріс» автожол құрылысының 5 шақырымы атқарылса, биылғы жылға қаралған қаржыға (ОБ-214 479,0 мың теңге) жолдың қалған бөлігіне (5 шқ) жүргізілген құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Қызылжар елді  мекеніне кіре  беріс (6,4 шқ)»  автомобиль  жолына күрделі  жөндеу (ОБ-70 000,0 мың теңге) жұмыстары жүргізілді.

«Аманөткел елді мекеніне кіре беріс (2,1 шқ)» (ОБ-40 020,0 мың теңге), қаладағы «Тәуелсіздік» (АБ-9 837,0 мың теңге), Мостовая (АБ-13 877,0 мың теңге) көшелерінің автомобиль жолдарына жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 9,3 шақырымды құрайтын «Арал қаласына кіре беріс жолдың (РБ-137 672,0 мың теңге),  4,3 шақырымы, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай (15-70,6 км)» автожолының (РБ-546 637,0 мың теңге) 20,8 шақырымы толығымен атқарылса, 23 шақырымды құрайтын «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би автожолының (РБ-282 372,0 мың теңге) 11 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша Арал қаласындағы Абай көшесінің (АБ-33 624,0 мың теңге) автомобиль жолына жүргізілген кеңейту жұмыстары, «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (0-9 шқ)» (АБ-12 790,0 мың теңге), «Бөген-Ақлақ», «Ақлақ-Қаратерең», «Қаратерең-Жаңақұрылыс» (49,3 шқ) бағытындағы автомобиль жолдарына (37 776,0 мың теңге) және 2360 шаршы метрді құрайтын Арал қаласының 10 көшесіне (АБ-16 118,0 мың теңге) жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылды. 

Арал қаласының автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бөлінген 662,649 миллион теңгеге 22,32 шақырымды құрайтын 33 көшенің, 25-не асфальт жабындысы төселсе (16,07 км), 8 (6,25 км) көшеге қиыршық тас (ГПС) төселді. Сондай-ақ, 99,452 миллион теңгеге 1 шақырым болатын аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіре беріс 1(шқ)» автомобиль жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген екен. 

«Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 1 жоба жүзеге асырылды. Жақсықылыш кенті көшелерінің автомобиль жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен бөлінген 337,73 миллион теңгеге 8,85 шқ болатын 17 көшенің автожолдары орташа жөндеуден өткізілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 42,7 миллион теңгеге 2 шақырым болатын «Тоқабай елді мекеніне кіре беріс» автожолдың, 1,2 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жолдарды күрделі және орташа жөндеу бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 4 жоба жүзеге асырылды. 2019 жылы бастау алған 4,9 шақырымды құрайтын «Ақлақ-Қаратерең» автожолының 2,5 шақырымы жөндеуден өткізілсе, 2020 жылы 74,82 миллион теңгеге қалған бөлігі (2,4 шқ), сонымен бірге 1,2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Бекбауыл» автожолының 0,6 шақырымы жөндеуден өткізілсе, 12,07 миллион теңгеге қалған бөлігі орташа жөндеуден өткізілді. 

2021 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 2018 жылы бастау алған аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек өткен жылы басталған «Тоқабай елді мекеніне кіре беріс» фавтожолын орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Республикалық бюджеттен бөлінген 1 190,792 миллион теңгеге, облыстық бюджеттен бөлінген 75,803 миллион теңгеге 9,75 шақырым болатын Арал қаласындағы М. Сәдібеков (1,8 шқ), Т. Палуан (1,26 шқ), А. Байтұрсынов (1,4 шқ), М. Үмбет би (0,6 шқ) көшелерін қайта жаңғырту және Ә. Байтаханов (1 шқ), Әйтеке би (0,9 шқ), К. Дәрібаев (1,29 шқ), Ж. Сайн, О. Жандосов көшелері мен О. Жандосов тұйығы (1,5 шқ) автожолдарының құрылысы басталған. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 225,0 млн. теңгеге аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» (21 шқ) автожолдарының құрылысы жүргізілді. 2022 жылы Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылған. 

Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы (моно және шағын қалаларды дамыту бойынша) Облыстық бюджеттен бөлінген 1,5 миллион теңгеге өткен жылы басталған 9,75 шақырым болатын М.Сәдібеков, Т.Палуан, М.Үмбет би, А.Байтұрсынов көшелерін қайта жаңғырту және    Ә.Байтаханов, Әйтеке би, К.Дәрібаев, Ж.Сайн, О.Жандосов көшелері мен О.Жандосов тұйығы автожолдарының құрылысы жүргізілді. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен В.Терешкова, И.Панфилов көшелері орташа жөндеуден өткізілсе, қала көшелері мен аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сексеуіл» автокөлік жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, аудан бюджетінен бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер анықталды. Сонымен бірге, жоба құны 328,0 миллион теңге болатын Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге бөлінген 105,3 миллион теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба келесі жылға өтпелі. 2023 жылы автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында барлығы – 6 600,88 миллион теңге бөлініп, көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы 31 жоба жүзеге асырылды.

Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылды. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асырылды. Сексеуіл кентіндегі 7 көшенің, Аманөткел елді мекеніндегі 3 көшенің автожолдары орташа жөндеуден өткізілді. «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы негізінде, жоба құны - 766,8 миллион теңге болатын Арал қаласындағы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын 7 көшенің автожолына 766,9 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.

Жоба құны 3 141,60 миллион теңгені құрайтын темір жол үстінен аспалы көпір салу үшін, республикалық бюджеттен 427,49 миллион.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары бастау алды. Бұған қоса, бюджетті нақтылау барысында қосымша 986,3 миллион теңге қаржы бөлінді. 2024 жылы аталған жобаға қаржы қаралып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бұл жұмыстарды 2024 жылы толықтай аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарда бар.

Арал ауданында абаттандыру жұмыстары да жүйелі жүріп келеді. 2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 249 225,0 мың теңге қаржыға Арал қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңын, қаладағы 4-ші ықшам ауданын,  вокзал маңы учаскесін, аллеялар мен скверлердің қоршауларын жөндеу және абаттандыру, орталық көшелердің автожолдарын кеңейту, орталық алаңға сахна құру,   Арал қаласына кіре беріс қақпа (арка) орнату, Ж. Нұрпейісов көшесіне  жаяу жүргіншілер жолын салу, Әбілхайыр хан және Бақтыбай батыр көшелерінің қиылысына, қалалық мәдениет үйінің жанына сквер салу, балалар ойын алаңдарын құру,  Қосымов-Қазыбек би көшелерінің қиылысына сағат құрылғысын, автобус аялдамаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар облыстық бюджеттен бөлінген69824,0 мың теңгеге «Қан мен тер» романының сюжеті бойынша символикалық белгі аумағы абаттандырылды. 

2015 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 266 959,0 мың теңгеге Арал қаласындағы «Тағзым» алаңы, «Құрметті азаматтар» аллеясы, Т. Есетов көшесінің бойындағы саябақ, аудан әкімдігі ғимараты жанындағы алаң, Бақтыбай батыр, Әбілхайыр хан көшелеріндегі нысандар, Ш. Уәлиханов көшесі мен №262 мектеп-гимназиясы аралығы және Сексеуіл кентіндегі, Қамыстыбас елді мекеніндегі демалыс орындары абаттандырылып, ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Абай, Ш. Уәлиханов көшелері бойындағы қорымдар қоршалды. Облыстық бюджеттен бөлінген 61085,0 мың теңге қаржыға «Қан мен тер» романының сюжеті бойынша символикалық белгі аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын тауып, толығымен аяқталды. 

2016 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 56 380,0 мың теңгеге Арал қаласының Т. Есетов, Қызылорда көшелеріне, «Тәуелсіздік» алаңы жанындағы автотұраққа, Сексеуіл кентіндегі саябаққа абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Алматы көшесіндегі қорым  қоршалды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 53 369,0мың теңге қаржыға ауданның бес елді мекеніне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы аудан бюджеттен бөлінген 74 495,0 мың теңгеге Арал қаласының У. Қосымов көшесі бойындағы сағат құрылымы, Байқоңыр көшесі, ауған соғысы ардагерлерінің аллеясы, қалада орналасқан скверлер, № 262 мектеп-гимназиясынан Д. Нұрпейісова көшесі аралығы,  «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» МКҚК-ң кәріз жүйесі абаттандыру және ағымдағы жөндеуден өткізіліп, Қамыстыбас елді мекеніндегі демалыс орнына ауыз су тартылып, орталық паркте орналасқан З. Шүкіровтің ескерткіші қалалық мәдениет үйінің ауласына көшірілді. Сондай-ақ, Жақсықылыш кентіне жаяу жүргіншілер жолы, Аманөткел елді мекеніне аялдама салынып, С. Сейфуллин, Әйтеке би  көшелері бойындағы қорымдар қоршалды. Облыстық бюджеттен қаралған 174 670,0 мың теңгеге Арал қаласында Рәміздер алаңын орнату және алаңды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы Аудан бюджетінен абаттандыруға қаралған 40 535,0 мың теңгеге Жалғызағым елді мекені тұсындағы қорымды қоршау (АБ-5 267,0 мың теңге), Арал қаласындағы Абай, У. Қосымов көшелеріне (АБ-16 896,0 мың теңге) және қалаға кіре беріс аркаға (АБ-4 968,0 мың теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. 

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 2 жоба жүзеге асырылды. 

Арал қаласындағы Абай көшесін аббаттандыруға бөлінген 112,795 (РБ) млн. теңгеге бордюрлер, көгалдандыру үшін темір қоршаулар, LED экрандар орнатылып, жарық бағандары безендірілсе, 5,356 (РБ) млн. теңгеге аудандық сот ғимаратының аумағы аббаттандырылды (темір қоршаулар, брусчатка, түнгі жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды). Сонымен қатар, қаладағы № 220 мектеп ғимаратының ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы Аудандық бюджеттен бөлінген 114,8 млн. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылды. Қаладағы «Шанхай» мөлтек ауданы, Әбілқайыр хан көшерлерінің жарықтандыру тіректері сәндік сырғалармен безендірілсе,  Әбілқайыр хан, Т. Есетов, Қазыбек би, Бекетай би, М. Нұржаубаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен бірге Бақтыбай батыр, Қазыбек би (тренажер, пайетка орнату), темір жол өткелі маңы мен Т. Медетбаев атындағы аллея абаттандырылды.

2022 жылы Жоба құны 357,5 миллион теңге болатын «Балықшылар аллеясына» бөлінген 150,0 миллион теңгеге, «Жалаңтөс Баһадүр» алаңына бөлінген 108,0 миллион теңгеге абаттандыру жұмыстары бастау алды. Бақтыбай батыр көшесін абаттандырудың І-кезеңіне бөлінген 17,1 миллион теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынды. 2023 жылы «Балықшылар аллеясына» облыстық бюджеттен бөлінген 170,0 млн.теңгеге және «Жалаңтөс Баһадүр» алаңына бөлінген 75,0 миллион теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Көше жарықшамдары кешкілік уақытта қала, ауыл көшелеріне айтарлықтай сән беретіні белгілі. Сонымен бірге жарықшамдар адам қауіпсіздігіне де пайдалы. 2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 198 332,0 мың теңгеге Арал қаласындағы 10 көше және 3 алаңға жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 535 дана жарық шамдар бағаналары орнатылды. 2015 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 29 575,7 мың теңгеге Арал қаласының 7 көшесі жарықтандырылып, 123 дана жарық шамдар бағаналары орнатылды.

2016 жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Арал ауданының 15 елді мекен және «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 8 елді мекен көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ, Арал қаласындағы С. Сейфуллин көшесіне 26 дана жарық шамдары орнатылды. 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 19 800,0 мың теңге қаржыға Сексеуіл кенті мен Аралқұм елді мекеніндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр желісі жүргізіліп, қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар Арал қаласының 12 көшесіне 73 дана жарықдиодты шамдар орнатылып, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында ауданға қарасты 13 елді мекенге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген  55,5 млн. теңгеге «Арал қаласына кіре беріс» автожолын және 47,5 млн. теңгеге қаладағы Р.Тұрымбетов, Б.Тәңірбергенов, Т.Әубәкіров, Н.Балапанов және А.Қаюпов көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 13 987,58 мың теңгеге Арал қаласындағы жөндеуді қажет ететін 47 көппәтерлі тұрғын үйдің  2-не, 2015 жылы 37 445,81 мың теңгеге 8 үй күрделі жөндеуден өткізілді. 

2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 81 888 мың теңгеге Судоверфь № 22 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, Қарасақал Ерімбет № 11, Бақтыбай батыр № 100, № 102, № 104, № 112, № 114, № 116, № 118, № 120, № 124 үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

2018 жылы Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясындаАрал қаласында орналасқан жөндеуді қажет ететін 47 көппәтерлі тұрғын үйдің  11-і күрделі жөндеуден, 10-ы  ағымдағы жөндеуден өткізілсе,     2018 жылы қайтарымды қаражат есебінен және аудандық бюджеттен бөлінген 10,0 млн. теңгеге қаладағы Әбілқайыр хан № 19, Жетес би № 1, Бақтыбай батыр № 2 «А», № 100, № 124,  Қарасақал Ерімбет № 13 үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығынан салынған 1 қабатты  4 пәтерлік 10 кредиттік тұрғын үйлер «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша берілді

2023 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы» аясында Арал қаласынан салынған 1 қабатты 2 пәтерлі 50  тұрғын үй (100 пәтер) сатып алынды. 

Аталған тұрғын үйлер «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағы азаматтарға - 65 пәтер, Көп балалы отбасы санатындағы азаматтарға – 15 пәтер және жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатына – 20 пәтер  берілген.

Тағы да оқыңыз: