Kyzylorda-news.kz. Айдынды Аралдың 95 жылдығына орай балықшылар слеті өткізіліп, жаңадан «Балықшылар монументі» ашылды. 

Ата кәсіпті жалғаған теңізді өлкенің балықшылары үшін бұрынғы Аллея да қайта жаңғырды. Арал төрінде өткен балықшылар басқосуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. 

«Бүгін міне, ата-кәсіптің тамырын үзбей, адал кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғаған балықшылар қауымының мерейлі сәтінде бас қосудамыз. Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуы өңірде балық шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндіктер жасауда. Кезінде Арал теңізінде тек бір камбала балығы ғана қалса, қазір 23 балық түрі қайта келді. Балық аулау көлемі 400 тоннадан 8 000 тоннаға дейін ұлғайды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, зор қуаныш!», - деді аймақ басшысы.

​Мерейтой мезіретінде облыс әкімі ашаршылық жылдары Поволжье тұрғындарына 14 вагон жіберген қайырымды іске 100 жыл болған тарихи оқиғаның маңыздылығын қаперге салып, жұттан ашыққан жұртқа, сондай-ақ 7 миллионнан астам балаға көмек көрсеткен балықшылардың ерлігін ерекше атап өтті. 

Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы аясында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Арал ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Түрлі мәселелермен келген аралдықтарға түсіндірме беріліп, өтініштері заң аясында қаралды.

кабылдау.jpg
кабылдау1.jpg

Тағы да оқыңыз: