Kyzylorda-news.kz  Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтіп, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді мәжіліс мінберіне көтерді.

Жиынды бастамас бұрын ауданда орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті аудан басшысы. Бүгіннен бастап облыс әкімінің келісімімен, аудан әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Нұрмұхамед Омарұлы Бохаев тайғайындалғанын айтып, оның ұйымдастырушылық қабілеті мен мемлекеттік аппарат қызметі саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол, мемлекеттік қызметте сатылап өскен кадр екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі білім-білігінің жеткілікті деңгейде екенін алға тартып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

458419329_3881349142193443_3536873642125323100_n.jpg

Сонымен қатар «Арал ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Берік Бақытұлы Сұлтаниязов есімді жас әрі білікті кадр тағайындалғанын жеткізді. Бұл азаматтың да жастар ісі жөніндегі жұмыстардан алыс еместігін жеткізіп, оның осы кезге дейінгі қызмет жолына қысқаша тоқталып өтті.

458168733_3881349208860103_5157856603648013645_n.jpg

Кадр мәселесінің өте өзекті екенін жеткізіп, әрбір мемлекеттік қызметші, бірінші басшылар қоғамның талабын жетік түсініп, халықтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге мүдделік танытып, сеніп тапсырылған қызметті жоғары жауапкершілікпен және адал атқаруы қажет. Осыған сәйкес орын алған кадрлық өзгерістер негізінде аудан әкімі орынбасарлары арасындағы міндеттер бөлінісі қайта бекітілетінін жеткізді аудан басшысы.

Жаңа қызметке келіп жатқан азаматтарға қызметтес аға-інілері өз тілектестіктерін білдіріп, артылған сенімді ақтауда аянбай еңбек ете беруге шақырды.

Мұнан әрі жиын аппарат мәжілісіне жалғасып, онда жаңа оқу жылы қарсаңындағы балалардың жол жүрісі ережесіндегі қауіпсіздігіне байланысты мәселе көтерілді.

– Жаңа оқу жылы басталды. Алайда, Арал қаласындағы автожолдардың бойындағы жол белгілері әлі күнге дейін көңіл көншітпей отыр, – деді аудан әкімі А.Оңғарбаев.

458098169_3881348982193459_8609025332294411599_n.jpg

Қала көшелеріндегі жол белгілерінің қайта жаңалауды қажет ететіндігін айтып, кемшіліктерді арнайы слайд арқылы көрсетіп, тиісті сала басшылығына сауал жолдады. Сондай-ақ бұған дейінгі өткен мәжілісте «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында орналасқан Арал қаласы мен ауылдық округтердің әкімдеріне жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларының макеттерін орналастыру жөніндегі тапсырманың да уақытылы орындалмағанын айтып, кемшіліктерге жол берген әкімдерді сынға алды.

Қаладағы көше атаулары жазылған тақтайшалардың көпшілігі көнергендігі де жиын барысында сөз болды. Бұл мәселеге қатысты жауапты басшыларға тапсырма беріп, аталған сыннан нәтиже шығару керектігін жеткізді.

Мәселелердің өзекті екенін алға тартқан аудан әкімі аудан бюджетінің игерілуі барысын да назарға алды. 1 қыркүйекке дейінгі аудан бюджетінің игерілуі 95,7 пайызды құраған. Жыл соңына дейін 450 млн. теңгенің үстіндегі қаржы толық игерілуі керек. Осы мәселеге тоқталған аудан басшысы тиісті бөлімдер мен қала, кент және ауылдық округтер бойынша қаржы игерудегі жұмыстарды жеделдету керегін атап өтті.

Жиын соңында 1 қыркүйектен бастап қолға алынатын күзгі әскерге шақыру науқанына қатысты сөз сабақтап, жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы С.Саяновтың жауабын тыңдады. Бұл жұмыстың да өзекті екенін айтып, ел қорғау ісіне енжарлық танытып жүрген жастарды әскер қатарына тарту мәселесінде барлық ауыл, қала, кенттер бойынша жұмыс жүйелі атқарылу керегін жеткізді.

458303021_3881349425526748_7212223893273667907_n.jpg

Тағы да оқыңыз: