Kyzylorda-news.kz Ардагерлер – ел тарихының тірі шежіресі, ұрпаққа жол көрсететін өмір мектебі. Олардың еңбегін бағалау, өнегесін дәріптеу және үлкенге құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз. Сол аға буынның құрметіне аудандық мәдениет үйінде елге еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсетуге арналған «Ардагерлер – елдің асыл қазынасы» атты арнайы іс-шара өтті.

Тағылымды кеш «Бір хаттың ізімен» атты деректі фильммен басталып, көрермендерге ардагерлердің өмір жолы мен ел тарихындағы орны туралы сыр шертті.

Одан кейін сахнада «Атаның альбомы» атты қойылым ұсынылып, ата мен немере арасындағы әсерлі әңгіме арқылы ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, өткенді бағалау және өмірлік тәжірибені кейінгі буынға жеткізу тақырыптары көрініс тапты.

Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев ардагерлерді құттықтап, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ ауданда соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстарға арнайы тоқталып, алдағы бірқатар міндеттерді саралады.

Мерекелік шарада бірқатар ардагерлерге елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталды.

Аға буын өкілдерінің ел мен қоғам алдындағы еңбегін дәріптеу, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету және ардагерлерге деген құрметті арттыру мақсатында өткен шарада туған жерге деген сүйіспеншілікті, жастық шақты, отбасы құндылықтарын, әке мен анаға деген құрметті арқау еткен әндер мен күйлер орындалып, ұлттық өнеріміз ұлықталды.

Тағы да оқыңыз: