Kyzylorda-news.kz. Партияның арнайы мониторингтік тобы өз жұмысын әрі қарай жалғастыруда. Бүгінгі күнге 238 сауда нысандарына, 133 дәріханаға, 114 жанармай құю бекеттеріне талдау жұмыстары жүргізілген. Баға тұрақтылығы бойынша арнайы жиындар да өтуде. Бұл жайында Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев айтты.

Партиялық бақылау бекеттері орнатылған 31 нысанға ай сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге  жаңадан 15 партиялық бақылау бекеттері ашылмақ. Партияның облыстық филиалы төрағасы, Атқарушы хатшысы және партиялық бақылау комиссиясы барлық 7 аудан мен Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарына арнайы мониторинг жүргізіп келеді. Жұмыс тұрақты партиялық бақылауда. Өйткені, тұрақты бақылау – сапа кепілі.

«Облыстық мәслихаттағы фракция мүшелерімен өткен 34 қабылдауда 223 тұрғын қабылданып, 149 мәселе оң шешілді. 74-і бойынша кеңес берілді. Осы жылы облыста барлығы 16 Мобильді қоғамдық қабылдау өткізіледі. 23 мамырда Жаңақорған ауданының Өзгент, Әбдіғаппар ауылдарында мобильді қабылдау өткізіліп, 21 мәселе көтерілді. Қабылдауларға облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі  Н.Амитов қатысты. 12 маусымда Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр және Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылдарында республикалық мобильді қабылдау ұйымдастырылып, 37 мәселе көтерілді. Қабылдауларға облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Ә.Шаймағанбетов қатысты. 21 шілдеде Шиелі ауданының Ақтоған және Телікөл ауылдарында мобильді қабылдау болып, 18 тұрғынның мәселесі көтерілді, 4 мәселе оң шешілді. Қабылдауға облыстық мәслихаттағы фракция мүшелері  М.Нәлібаев және Д. Жұмбеков қатысты» деді ол.

Айта кетейік, бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берген болатын.
 

Тағы да оқыңыз: