Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берді.

Фракцияның жаңа құрамы өз міндетін жауапкершілікпен атқаруда. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруды басты бағдар етіп, сайлаушыларға берген уәденің үдесінен шығуда депутаттық қызметін абыроймен атқаруға ден қойған фракция мүшелерінің жұмысы жүйелі. Мәселен, «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасының және Жол картаның уақытылы орындалуын қадағалау, өзекті мәселелерді мерзімінде шешу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Мәслихаттағы депутаттық фракцияда және партия жанындағы кеңестерде Жол картаның орындалуы пысықталды. Бұл жиындарға жауапты ұйымдардың өкілдері де қатысты. Жол картадағы іс-шараны іске асыру үшін қаржыландыру жағдайы талданып, тиісті ұсыныстар берілді. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге орындалмау қауіпі бар мәселелер анықталған жоқ. Қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысы бойынша Жол картадағы 122 іс-шараның 10 (8%) орындалған, 105 (86%) орындалу сатысында. 7 (6%) мерзімі келмегенін көрсетті» деп атап өтті Аманжол Оңғарбаев.

Сонымен қатар, жол картаның экономиканы дамыту бағыты бойынша жыл басынан бері шағын орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында жалпы құны 10 миллиард теңге болатын 198 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыратын 722 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліпті.

«Ауыл шаруашылығында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, су үнемдеу технологиясын қолдануды ұлғайту, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында мемлекет меншігіне жерлерді қайтару, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, биыл 2 жобаны іске қосу жоспарланды. Бірі – "Асыл Дән ЛТД" ЖШС-нің Қызылорда қаласында күріш өңдеу зауытының құрылысы (құны 900 млн. теңге, қуаттылығы 5000 тн, 20 жұмыс орны). Екіншісі – Шиелі ауданында қуаттылығы 700 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы (құны 170 млн. теңге, 14 жұмыс орны). Сонымен қатар, жыл басынан бері 108 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша осы 20 шілдеден бастап несиелендіруге құжаттар қабылдана бастады, құжаттар тексеріліп олар бойынша оң шешім қабылданған соң несиелендірілетін болады. Сонымен қатар, жыл басынан бері 108 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша осы 20 шілдеден бастап несиелендіруге құжаттар қабылдана бастады, құжаттар тексеріліп олар бойынша оң шешім қабылданған соң несиелендірілетін болады» деді облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Сақыпұлы.
 

Тағы да оқыңыз: