Kyzylorda-news.kz. Биыл елді мекендерді газдандыру бойынша 25 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жайында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев жеткізді.

Оның ішінен 2 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 3 елді мекен – Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің Махамбет елді мекені және Жаңақорған ауданының Ақүйік ауылдық округіндегі Бірлік және Қыраш ауылдық округіндегі Қызылмақташы елді мекендері газдандырылды. 219,7 км газ құбыры жүргізіліп, 12801 тұрғын «көгілдір отын» игілігін көруде.

«Қызылорда қаласы бойынша биыл 12 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды, оның 7-інің бүгінгі күнге мердігер мекемесі анықталса, 5 анықталу үстінде. Қазалы ауданында 4, Жаңақорған ауданында 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Ал көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша биыл Қызылорда қаласы мен аудандардың елді мекендерінің 72,5 км көшелерін жөндеу, жергілікті маңызы бар 86,7 км жолдарды күрделі және орташа жөндеу жүргізілуде» деді ол.

Айта кетейік, бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берген болатын.
 

Тағы да оқыңыз: