Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның қалалық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан, фракция жетекшісі Талғат Мақаш және фракция мүшелері, қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
- 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!»сайлауалды бағдарламасының Қызылорда қаласы бойынша іске асырудың Жол картасы төңірегіндегі «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту» бағытының «Электр, жылумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу», «Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету», «Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру», «Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» мәселелері қаралды.
Фракция отырысында баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай:
Қазіргі уақытта «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның балансында Қызылорда қаласында орналасқан
23 энергия көзі бар, оның ішінде Қызылорда жылу электр орталығы, КОГТЭС, Оңтүстік қазандық және автономды блокты-модульдік қазандықтар 20 бірлікті құрайды.
Барлық энергия көздері негізгі отын ретінде табиғи газды пайдаланады. Резервтік отын ретінде – мазут, дизельдік отын.
2023 жылы 2 газтурбиналық қондырғы (ГТУ-1,2) және КУВ-30 қазандығын облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген. Газтурбиналық қондырғыларға зауыттық жағдайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және КУВ-30 су қазандығын жөндеуге құбырлар мен қосалқы қондырғылар сатып алынып, кәсіпорынның өз күшімен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен № 6 бу қазандығына күрделі жөндеу, № 9 бу қазандығына, №3 бу турбинасына, Оңтүстік қазандығының №1 бу қазандығына күрделі жөндеу, №2-7 қазандықтарына және 19 АБМК-лардың қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы Кәсіпорынның алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы жүргізіп және аяқтау мақсатында барлығы 4 864,28 млн теңге жоспарлануда,-деп мәлімдеді.
АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛУДЕ
Қаладағы ауыз су және кәріз жүйелерін жөндеу жұмыстары бойынша 2023 жылы Қызылорда қаласындағы қуаттылығы 70 мың м3/тәу модульді биологиялық тазарту станциясының сыртқы инженерлік желілері (электр және газбен жабдықтау) жобасы 289,3 млн. теңгеге және Қызылорда қаласындағы 11 кәріздік сорғы станцияларын қайта құру және жаңарту жобалары 1 428,9 млн.теңгеге атқарылып іске қосылды. Жоба құны 4 684,6 млн.теңгені құрайтын Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жобасын бастауға 2023 жылы 1 329,2 млн.теңге бөлінген, Рабочая көшесінің бойындағы 3 агрегатқа арналған №13 "Гагарин" КСС жобасы 2023 жылы басталып 2024 жылға өтпелі (жоба құны 241,8 млн.теңгені құрайды 2023 жылы 80,9 млн.теңге бөлінген). ҚР Ұлттық Қор есебінен Астана даңғылы Көшербаев көшесі Жеңіс көшесі Әбдрешов көшесінен КНС №29-ға дейін кәріз жүйесін жүргізу жұмысына 106,8 млн.теңге бөлініп жоба іске асырылған.
Ал ауыз су жүйелері бойынша бүгінгі таңда тұтынушыларға 71 ұңғыма арқылы тәулігіне 64,5 мың текше метр ауыз су өндіріліп, тұтынушыларға 2,1-2,3 атмосферамен таратылып отыр. Ауыз су қажеттілігі артқан уақытта су қысымы 2,4-2,5 атмосфераға дейін көтерілуде. Барлық ұңғымалар мен су алу құрылымдары максималды режимде жұмыс жасауда.
Жаз айларында тәулігіне 100-110 мың текше метр ауыз су өндіріліп таратылады. Оның 62-70,0 мың текше метр ауыз су жер асты су қорынан, қалған 38,0-40,0 мың текше метр ауыз су жер үсті су алу көзінен өндіріледі.
ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП
Қазірде қала бойынша ұзындығы 713 шақырымды құрайтын 826 көше бар. Оның ішінде, 539 шақырым болатын 588 көше асфальт, 163 шақырым болатын 219 көше тас жол, 11 шақырым болатын 19 көше қара жолды құрайды.
Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 75 пайызды құрап отыр.
Бүгінгі таңда қала және ауылдық округтерге қарасты маңызды көшелердің барлығын жаңғырту, қалпына келтіру, салу жұмыстары басталған.
ТҰРҒЫНДАРДЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АУҚЫМДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Фракция отырысында талқылаған кезекті мәселе – тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қала әкімінің орынбасарының мәлемдеуінше «Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2022 жылы басталған Сырдария өзенінің сол жағалауында №2-ші шағын ауданында 470 пәтерлі ипотекалық 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып ағымдағы жылы пәтер кілттері халық игілігіне берілетін болады. Ағымдағы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауы №3 мөлтек ауданында 7 этажды 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып 504 пәтерді құрайтын ипотекалық тұрғын үй құрылысы аяқталып жыл соңында пайдалануға беріледі. Осы мөлтек ауданда 40 пәтерлі 10 ипотекалық тұрғын үй құрылысы шілде айында басталып 2025 жылы аяқталатын болады.
Кезекте тұрған осал топты және көп балалы отбасыларға 2023 жылы 872 пәтер сатып алынды. Ағымдағы жылы 1240 пәтер осы санаттағы тұрғындарға және 135 пәтер авариялық кезекте тұрған отбасыларға пәтер сатып алынатын болады.