Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылдың І жарты жылдық қорытындысымен көшпелі алқа мәжілісі өтті.

Жиынды Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев ашып, көшпелі мәжіліске келген қонақтарды таныстырып өтті. Алқа отырысына Қызылорда облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Г.Сыздықова, Қызылорда обаға қарсы күрес стансасының директоры Н.Нұрмағанбетов және «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы А.Мырзағұлова мен Қызылорда қаласы мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары арнайы қатысты.

Қазіргі таңда, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін Үкімет тарапынан кешенді шаралар қабылдануда. Осы бағытта облыс деңгейінде де көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау, жаңа қауіп-қатерлерге дайын болу, заманауи әдістер мен зертханалық мүмкіндіктерді жетілдіру күн тәртібінен түспейтін басты міндеттердің бірі.

Арал ауданынан басталған көшпелі алқа отырысында алғаш болып ҚР ДСМ СЭБК Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Ұзақбаев «2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен облыс бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал, атқарылған жұмыстар мен алға қойған міндеттері» туралы хабарлама жасады.

Қосымша Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сатекеева «Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстары мен проблемалық мәселелері» туралы баяндады.

Мұнан соң «Мемлекеттік тапсырыс жоспарының орындалуы» туралы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директорының міндетін атқарушы А.Мырзағұлова және «2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттары» туралы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімше бастығы Б.Қайнбаева хабарлама жасады. 

Мәжіліс соңында «Арал аудандық обаға қарсы күрес стансасының атқарған жұмыстары» туралы ҚР ДСМ «Арал теңізі обаға қарсы күресу стансасы» РММ басшысы Е.Мұстапаев хабарлама жасап, обаға қарсы күресу стансасының құрылу тарихы мен атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталды.

Жиын қорытындысына сәйкес көтерілген ұсыныс-пікірлер жан-жақты сараланып, ҚР ДСМ СЭБК Қызылорда облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Жамбылқызы айтылған ұсыныстардың барлығы алдағы уақытта ескеріліп, сала бойынша жол берілген кемшіліктердің барлығын жоюға жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: