Kyzylorda-news.kz  Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жақында Тереңөзек кентінде орналасқан «Достық» үйінде тұрмыстық жағдайы төмен этнос өкілдері арасында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
"Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. 

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Халқымыздың игі дәстүрінің негізінде этнос өкілдері арасындағы тұрмыс жағдайы төмен 5 отбасына қайырымдылық  іс-шарасы ұйымдастырылды, – дейді  «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алимаш  Мырзахметова.

Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондықтан, қайырлы істерді көп жасасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.
Фото: Коллаж El.kz

Тағы да оқыңыз: