Kyzylorda-news.kz Бокстан Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ел қоржынына алғашқы алтын медальді 80 келі салмақта сынға түскен Надежда Рябец салды.
Финалдық бәсекеде Надежда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, бүгін финалда өнер көрсеткен Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі – Бақыт Сейдіш (70 келі) Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Ол шешуші кезеңде үндістандық Арундхати Чоудхариға есе жіберді.
Фото: ҚР ҰОК
