Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында қазақстандықтарды вакцина алуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауру жұқтыру деректерін талдау жұмыстары вирус жұқтырғандар мен коронавирусты ауыр өткеріп жатқан науқастардың негізгі үлесі вакцина алмағандарға тиесілі екенін көрсетті. 1 ақпаннан бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы санында вакцина алмаған науқастардың үлес салмағы 97,5 пайыз болған. Ал вакцина алғандардың үлесі 2,5 ғана. Корнавирус инфекциясын ауыр өткеріп жатқандар бойынша да жағдай осыған ұқсас. Реанимацияда жатқандар мен өкпені жасанды желдету құрылғысына жалғанғандардың 95 пайызы вакцина алмаған адамдар. Осы айтылған деректер вакциналаудың тиімді екенін тағы да әйгілеп тұр», – деді министр.

Сондай-ақ ол, вакцина алу мәселесін кейінге шегеріп жүрген адамдарға үндеу тастады.

«Осыған байланысты тағы да халыққа айтқым келеді. Осы күнге дейін вакцина алмаған азаматтарды вакцина бойынша дұрыс шешім қабылдап, екпе алуға шақырамын. Бұл бәрімізге денсаулығымызды сақтап қана қалмай, жақындарымыздың амандығына да кепіл болады», – деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында ел аумағындағы екпе пункттерінде коронавирус вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтқан болатын.

«Барлық екпе пункттерінде бірінші компоненттің 1,4 млн дозасы, екінші компоненттің 940 мың дозасы бар. Жеткізу кесте бойынша жалғасып жатыр», – деді Алексей Цой.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/reanimaciyada-zhatkandardyn-95-payyzy-vakcina-almagandar-aleksey-coy_a3827544

Тағы да оқыңыз: