Kyzylorda-news.kz. Орталық коммуникация қызметі алаңында халықтың сұрақтарына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келесі ақпаратты хабарлады.

“Биылғы жылдың 1 жартыжылдығында өткен жылмен салыстырғанда пневмония ауруына шалдығу 55,4%-ға артты. Бұл былтыр тіркелген 63 436 жағдай, биыл 98 546 ауруға өскенін көрсетеді. 2020 жылғы маусымда пневмония ауруларының тіркелген жағдайларының саны 32 724 болса, 2019 жылғы маусымда – 7 964 жағдай болды”,- дейді министр. Ведомство басшысының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда коронавирусқа оң сынағы бар пациенттердің арасында 101 өлім жағдайы тіркелген, онда өлімнің негізгі себебі әртүрлі аурулардың асқынуы, ең жиі патология – жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары – 47,5%, эндокриндік – 25,7%, тыныс алу жүйесінің аурулары – 12,8% және т. б. болып табылады.

Тағы да оқыңыз: