Фото: mirpozitiva.ru
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 16-18 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Осы апта бойы Қазақстанның бүкіл аумағында ашық және аязды ауа райы сақталды.
Оған себепші болған антициклон біртіндеп солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. Осыған байланысты аяз әлсірейді.
Солтүстік Атлантика циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.
Ел бойынша жел күшейеді.
«Түнде ауа температурасы батыста 0-10 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады» дейді мамандар.