Kyzylorda-news.kz "Қазгидромет" РМК синоптиктері демалыс күндері – 2024 жылдың 7 және 8 қыркүйегіне арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығына дайындалу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Мәселен, оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда — жаңбыр, қар жауады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі