Фото: nur.kz

Kyzylorda-news.kz. Ақтөбе тұрғындары желіде «оқушыларға қарулы шабуыл жасалады» деген хабарлама тарағалы бері балаларын мектепке жібермей отыр. 26 қаңтарда түске дейін оқушылардың 15 пайызы ғана мектепке барған. Ақтөбе облыстық білім басқармасының дерегінше, бүгін қала бойынша елу мыңға жуық оқушы мектепке келмей қойған.

Естеріңізге сала кетейік, «Конец Актобе» телеграм-арнасында  беймәлім адам Ақтөбе мектептерінде террорлық акт жасайтынын айтып, хабарлама таратты. Ол арнаға тапаншаның фотосы мен видеосын жүктеген. Бұл мәселеге байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті тексеруді бастады. Нәтижесінде көрші елдердің біріндегі 18 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті туралы басқа мәлімет жоқ.

Тағы да оқыңыз: