Kyzylorda-news.kz Ақордада өткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Мәуленұлы Ниязовты «Құрмет» орденімен марапаттады.

Айтыскер ақынның басшылығымен Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры жоғары жетістіктерге жетіп, көрерменнің талғамына сай өнер ордасына айналды.  Сондай-ақ, халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің бас жүлдесін иеленді.

Қазақ руханиятының биікке өрлеуіне, халқымыздың асыл мұрасы айтыстың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Мұхтар Мәуленұлын халқымыз қайраткер тұлға, парасатты азамат ретінде ерекше құрметтейді. 

Айтыстағы  қайырымдары, ұтқыр жауаптары тыңдарман көңіліне орныққан. Республикалық өнер жарыстарының жеңімпазы, айтыс аламанының ақтаңгері атанып, Сыр өңірінің мәртебесін асқақтатып келеді.

Тағы да оқыңыз: