Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Рамазан айының басталуымен құттықтады деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.
Сіздерді мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан айында ізгілік, мейірімділік, сыйластық, татулық пен бірлік сынды басты құндылықтар салтанат құрады.
Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды.
Сыр жұртшылығы арасында да қасиетті айда ізгі істер бастау алып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау игі дәстүрге айналып келеді.
Бұл ай – рухымызды көтеріп, тазалық пен имандылыққа шақыратын кезең.
Ұстаған оразаларыңыз, жасаған қайырымды істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Рамазан әрбір отбасын шапағатына бөлесін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың бірлік-берекесі артсын! Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!