Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен "Сәулет" мөлтек ауданындағы жаңа жиһаз цехының құрылыс барысымен танысты. Бүгінде цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 35 мың дана дайын өнім шығаруға жетеді. Толық іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаны қаржыландыру үшін «Өңірлік инвестициялық орталықтан» берілген 59 млн теңге несиеге заманауи өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынды. 22 жылдық тарихы бар «Панабек» серіктестігі нарыққа сапалы, заманауи әрі қолжетімді жиһаз ұсынып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына және халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосып келеді.

Әрі қарай аймақ басшысы «Қызылорда Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің жұмысын көрді. Нан-тоқаш цехы толық автоматтандырылған және тәулігіне 7 тонна өнім өндіреді. Жақын арада өндірістік қуаттылығын тәулігіне 15 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Өнімнің 30%-ы кәсіпорынның жеке сауда желісі арқылы, ал 70%-ы Қызылорда қаласы мен оған іргелес елді мекендерге жеткізіледі.

Құрылыс нысандарын аралау 2.jpg

Келесі нысан - "Қызылорда–Құмкөл" автожолының көлік жолайрығы. Қазіргі таңда көпірдің 5 кіреберіс қанаты асфальтталды, негізгі үстіңгі бөлігіне қиыршық тас, 800 метріне асфальт төселді.

Әрі қарай, "Тәуелсіздікке 25 жыл" даңғылының жалғасқан құрылысын да көрді. Мұнда 4 жолақты автожолмен қатар, ені 6 метр жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады. Құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС атқаруда.

Аймақ басшысы 11 мың орындық жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Жаңа спорт нысаны жанынан 1000 орындық автотұрақ пен 40 орындық VIP тұрақ қарастырылған. Ғимараттың батыс секторында спортшыларға арналған жаттығу алаңы, жуыну аймақтары, киім ауыстыру бөлмелері, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, сондай-ақ емдік-массаж бөлмелері орналасқан.

Шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика, акробатика және күрес залдары, қыздырыну бөлмелері бар. Жанкүйерлер үшін санитарлық тораптар, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтар мен жеке кабинеттер қамтылған.

Құрылыс нысандарын аралады 21.08.jpg

Тағы да оқыңыз: