Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды.
Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі.
Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақ өсіріліп, Арал теңізі мен Сырдария өзеніне жіберіледі. Бұл өңірдегі су айдындарының балық қорын молайтуға ықпал етеді.
Облыс әкімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы аумағында балық шаруашылығын дамытуға қолайлы Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар. Кіші Аралды балықтың 19 түрі мекендейді. Өндірістік қуаты шамамен 30 мың тонна болатын 10 балық өңдеу зауыты аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуда.
Сапар кезінде аймақ басшысы Аралқұм, Шөміш, Сапақ, Көктем ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
