Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес тұрғындар тарапынан көтерілетін негізгі мәселелерді уақытылы әрі сапалы шешу, жұмыс барысында ашықтық пен кері байланыста болу және атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтылды.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінің тазалығы, түнгі жарықтандыру жұмыстары, аяқ су мәселесі, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және басқа да мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті, ауылдық округтер мен мемлекеттік мекемелердің аумағында санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары үнемі жүргізу тапсырылды.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу бағытында 2024 жылдың көктем және күзгі эпидмаусымы бойынша сақтық шараларын тұрақты ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Жалағаш кентінде орналасқан бейнебақылау камераларының сапасын арттырып, аудан бойынша құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды күшейту және өсім алып отырған қылмыстарға аса көңіл бөліп саралау арқылы заңға сәйкес шешімдер қабылдауды жеткізді.

Тұрғындар қауіпсіздігін, әсіресе жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға түсу маусымы кезінде белгіленбеген жерлерге ескертпе тақтайшалар іліп, рейдтік шараларды күнделікті ұйымдастыру тапсырылды.

Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген мәжіліс отырысында айтылған тапсырмалардың уақытылы орындалуы сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Тағы да оқыңыз: