Kyzylorda-news.kz. «Еңбек атаулының бәрі бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» дейді дана халқымыз. Сондықтан отбасында да, қоғамдық ортада да еңбек - тәрбиенің биік нысаны. Адал еңбектің нәтижесінде ғана адамдар арасында қарым қатынастың шынайылығы мен адалдық , кішіпейілділік орнап, мерейі үстем болады.
Бұл адами қасиеттер бірінші кезекте отбасының беріктігі мен бірлік-берекесіне оң әсер етеді. Бүгінгі әңгімеге арқау болғалы отырған кейіпкеріміз - Елеусізіова Гүлдәрі апай. АХАЖ қызметіндегі еңбек жолын 1982-жылдан қалалық АХАЖ бөлімінде іс жүргізушіден бастап, сатылап өсу дәрежесімен осы саланың обыстық бөлімін басқарған, құрметті еңбек демалысына шыққан әріптесіміз, әлі де өзінен кейінгі жастарға білгенін үйретіп келеді.
Өзін де еңбекке баулып, білгенін үйреткен тәлімгер ұстаздары Садықова Райхан, Ерболатова Есенкүл, Асауленко Наталья, Есболғанова Алтын, Шідербаева Кеңескүл апайларын үнемі еске алып отырады. Өмірден алған тәжірибесін өзінен кейінгі әріптестеріне үйрете отырып, аудандық, қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің жұмысын да ұтымды үйлестіре білді. Адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірлік сәттері осы азаматтық хал актілерінде көрініс табады.
АХАТ қызметкерлері адам өмірінің әр бұрылысын азаматтық хал актілерін тікеу жазбаларына енгізе отырып, әр азаматтың өмірбаянын жазады.
Түрлі тағдыр. Бірі отау құрып, өмірге нәресте келіп қуанышпен келсе, енді бірі басқа жағдайлармен құжаттарын рәсімдеуге келеді. Әсіресе салтанатты неке тіркеуге келген жастардың ықыласы бөлек. Жұбайлық қадамына маңызды құжаттарын ұсына отырып, ерекше қоңыр үнімен бақыт тілеп, бағдар сілтеген сол кездегі жастары бүгінде өзі танымаса да сәлемін жазбайды. Олар қазір орта жасқа келген, кейбіреуі тоқтап «біздің некемізді қиғансыз, шүкір жақсымыз» деп шынайы ризашылығын білдіріп өтеді деп еске алады, кейіпкеріміз.
АХАЖ органдарының тарихы-бүкіл мемлекетіміздің тарихымен еншілес. 1921жылдың 5-наурызында ҚАЗССР Халық комиссарлар советімен АХАЖ органдары туралы қабылданған Декрет, қазіргі таңда АХАЖ органдарының жүйесі тәуелсіз еліміздің құқықтық негіздерінің дамуына үлес қосуда. Азаматтық тұлғалардың хал-ахуалына әсер ететін оқиғаларды тіркеу үшін АХАЖ органдары құрылды. Қоғамда мемелекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамыта отырып құқықтық мемлекетті қалыптастыруда ең шешуші рөл атқаратын ол - құқықтық актілер.
1998-2015жылдары аралығында Әділет органдары жүйесіне қарасты азаматтық хал актілерін саласына енгізілген өзгерістердің ең маңыздысы – 2007 жылға дейін қолмен жазылған азаматтық халактілерін тіркеу жүйесінің электронды форматқа көшірілуі және жеке тұлғалар Ұлттық бірыңғай тізілімге енгізіліп, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің қалыптасуы.
Қазіргі уақытта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары- қызмет көрсетуді оңтайландыру бағытында цифрлық отбасы картасын қалыптастыру бойынша «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне азаматтық хал актілерінің өзгертілген нұсқасы енгізілуде.
Сала бойынша көрсетілетін қызметтер оңтайландырылды, құжаттар пакеті 30%-ға азайды, қызмет көрсету мерзімі 3 есеге қысқарды. Нәтижесінде әр азамат онлайн режіимінде өзі берген өтініштің орындалу барысын бақылау мүмкіндігіне ие.
Міне, осындай қызығымен қиындығы қатар жүретін әр отбасы үшін маңызды азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 40-жыл абыроймен адал қызмет атқарған Гүлдәрі апамыздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған, І-дәрежелі Заңгер төсбелгісі, Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері төсбелгісі сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конститутциясы мерекелік медалінің иесі, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесі қарсаңында республика аумағында Әділет органдары жүйесінің 30 үздігі қатарына енді. 2022жылы қазан айында ұзақ жыл атқарған еңбегінің ерекше жемісі - «Құрмет» орденімен марапатталды. Уақытпен санаспай, әр жанұяның жарасымды болуына ықпал еткен тынымсыз еңбегін үлгілі отбасын құрумен, бала тәрбиесімен ұштастырған Гүлдәрі апа Нұрсұлтан ағамен бірге қыз бен ұл тәрбиелеп өсірді.
Балалары жоғары білімді, үйлі –баранды. Олардан өрбіген немерелері - ата-мен әже мақтанышы, мектепте оқу заттары.
Қазақ отбасында әке, ана - жанұя ұстаздары, бала-отбасының алтын діңгегі. Әр отбасы-мемлекетіміздің ажырамас бөлігі.
Отбасымыз аман болсын!
Е.Тажикенов,
Қызылорда облысы
Әділет департаментінің
бөлім басшысы