Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген артисі Жеңіс Сейдоллаұлының 60 жылдық мерейтойына арналған “Сен деп соққан жүрегім…” атты мерекелік концерті өтті.

Кеште республикамызға танымал әншілер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Абдуллин, Мадина Сәдуақасова және Медеу Арынбаев өнер көрсетсе, танымал музыкант Ренат Гайсин мен Диная көрермен ықыласына бөленді.

Кеш иесі Жеңіс Сейдоллаұлының ізін жалғаған қыздары Ажар мен Жанель Жеңісқызы Сыр елінің сахнасында ән шырқаса, аймағымыздың мәртебесін асқақтатып жүрген Руслан Садықов және “Адажио” тобы композитордың шығармаларын орындады.

Әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлының өміршең әндері шырқалған кеште аймағымыздың ән сүйер қауымы толассыз қошемет көрсетіп, жылы лебізде тарқасты.

Тағы да оқыңыз: